Таразға Мәскеуден «S7» ұшағы алғаш рет келіп қонды.
2013 жылы мемлекеттік бюджеттен 4,6 миллиард теңге бөлініп, «Әулие-ата» халықаралық әуежайы қайта жаңғыртылудан өткен болатын. Нәтижесінде әуежайдың жолаушылар терминалының аумағы едәуір ұлғайып, жаңарып, жоғары мүмкіндіктерге ие болғаны белгілі. Сол кезде әлемнің бірқатар елдеріне ұшақ бағыттарын ашу көзделген еді.
«S7» компаниясының өкілі Евгений Чернышев бұл байланыс Қазақстан мен Ресей арасына ғана емес, Еуропаның бірнеше елдеріне ұшақпен жетуге жол ашатынын айтады. Сондай-ақ, Мәскеу арқылы Ресейдің қай қаласына барып-қайтқыңыз келсе, баратын және қайтатын билетті Таразда тұрып-ақ алуға мүмкіндігіңіз бар екен. Мәскеу – Тараз арасы шамамен 3 мың шақырым болса, 50-55 мың теңге көлемінде қаражат кетеді екен.
Осы күні Таразда сағат 7.05-те «Әулие-ата» әуежайынан тұңғыш рет Тараз-Мәскеу бағытын бетке алған ұшақ 136 жолаушымен әуеге көтерілді.
Бұл ұшақ Тараз – Мәскеу арасын апта сайын жалғайтын болады.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, фото: egemen.kz

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше