Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен 9 маусым Қазақстанда лаңкестік актінің құрбандарын ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бүгін сағат 9-дан бастап өңірде тулар түсіріліп, мәдени-көпшілік, спорттық және ойын-сауық шаралары кейінге шегерілді, жергілікті арналарда ойын-сауық теле-радио бағдарламалары тоқтатылды. Ұлттық аза тұту күнінде ақтөбеліктер мен қала қонақтары қайғылы оқиға болған орындарға гүл шоқтарын қойып, лаңкестік әрекет кезінде қаза тапқандардың рухына құрмет көрсетті.
№6655 әскери бөлімінде аза тұту митингі өтіп, «Пантера» дүкеніне гүл шоқтары қойылды. «Нұр Ғасыр» мешітінде қаза тапқандардың рухына құран бағышталды.
5 маусым күні белгісіз топ Ақтөбедегі екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге қарулы шабуыл жасады. ІІМ-нің мәліметінше шабуылға қатысушылардың дені ұсталған, 6 адам іздестірілуде.
Өкінішке орай, шабуыл салдарынан 7 әскери және азаматтық тұлға көз жұмды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жергілікті билік лаңкестіктен зардап шеккен және қайтыс болғандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуде.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, фото: egemen.kz
• 09 Маусым, 2016
Ақтөбеде қаза тапқандарды еске алуға арналған митинг өтті

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше