10 Маусым, 2016

Париж жанкүйерлерді қоқыспен қарсы алып жатыр (фото)

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-06-16-paris-0

Францияда футболдан Еуропа чемпионатының басталуына бір тәуліктей ғана уақыт қалған шақта мұндағы әлеуметтік текетірес қарқыны әлі бәсеңдемей тұр. Елдегі аса ірі кәсіпшілдер одағы – Жалпы еңбек конференциясы забастовка жасауын жалғастырып жатыр.

10-06-16-paris-2

Қазір осындай стачкалардың салдарынан елдегі көптеген қалаларда аймақаралық немесе жүйрік пойыздар тоқтап тұр. Бейсенбі күні мұнда 11 маусымнан 14 маусымға дейін «Эр Франс» әуе компаниясы пилоттарының забастовка жариялағаны белгілі болды. Компания басшылығы мен ұшқыштар арасындағы келіссөз өзінің нәтижесін бермеді. Көлік тораптары мен мұнай өңдеуші зауыттар тоқтап қалғаннан кейін жанар-жағар май мәселесінде айтарлықтай қиын жағдай туындады. Ал коммуналдық қызмет органдарының белсенділері қаладан күл-қоқысты шығарудан бас тартты. Мұның әсерінен қаланың іші кәдімгідей сасып кетті. «Мен жаңа ғана орасан зор тышқандар тобының қарттар үйіне қарай бара жатқанын көріп қалдым. Бұған жол беруге болмайды ғой», деді Париж қаласында тұратын бір әйел ашуланып.

10-06-16-paris-1

Францияда бұл забастовкалардың басталғанына қазір үш ай толды. Бейсенбі күні олар әлемдгі ең ірі көтерме сауда рыногына баратын жолды жауып тастауға әрекет етті. Қалай дегенде де, бұл чемпионаттың ойдағыдай өтуіне кедергі келтіретін сияқты. Руслан Игілік.
Соңғы жаңалықтар