кәсіпкер туған жеріне спорт кешенін салып берді
Осыдан екі жыл бұрын көршi қырғыз елiмен ауылы аралас, қойы қоралас жатқан Қордай ауданындағы Қаракемер ауылында үлкен спорт кешенінің қазығы қағылып, құрылысы басталған болатын. Міне, өткен аптада осынау әсем ғимараттың тұсауы кесілді. «Отау строй» ЖШС президенті, осы ауылдың түлегі Қайрат Молдасейітов туған ауылы, білім алған қасиетті шаңырағы мен ұстаздарына, жалпы жерлестеріне деген құрметін, тағзымын, ыстық ықыласын осылай білдірді.
«Дәулетті болсаң, еліңе пайдаң тисін», деген бизнес әлемінде көптеген биіктерді бағындырып, оңды тірліктерімен танылған «Отау-строй»-ды ел бір жағы қайырымды істерімен де жақсы біледі. Бұған дейін осы компания өз демеушілігімен киелі Түркістан қаласында 16 пәтерлік үйдің құрылысын салып, 16-сының да кілтін тұрмысы төмен, мүгедек жандарға табыс еткенін, одан бөлек дәл осы қасиетті қалада мүгедек балаларды оңалту орталығын да өз қаржыларына салып, пайдалануға бергенін, Шымкент қаласында да бірқатар игілікті істер атқарғанын ақпарат құралдары жазған болатын. Сондай-ақ, Қайрат Молдасейітов осыдан екі-үш жыл бұрын Қаракемерге 100 орындық балабақша мен мешіт, емхана салып беріп, туған ауылының алғысын алған-ды.
«Әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан мемлекет негізінен өз жолынан өтті, тұтастай алғанда өзінің осы функциясын тиімді орындады. Енді – кезек бизнестікі...» деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Осы тұрғыдан келгенде «Отау-строй» ЖШС Елбасы аманатына адалдық танытып жүрген мекеме екенін мойындауымыз керек. Бұл спорт кешенінің ауылдың дамуына және жастар арасында саламатты өмір салтын кеңінен насихаттауға қосар үлесі зор. «Мен осы спорт кешенінен болашақта елімізді әлемге танытатын спортшылар шығатынына бек сенімдімін. Жалпы, бұл біздің компанияның алғашқы немесе соңғы іс-шарасы емес. Алдағы уақытта мұндай игілікті істер жалғасын таба береді», дейді бұл жөнінде Қ.Молдасейітов.
Жаңа спорт кешенінде күрес, бокс, футбол және фитнес клубтары жұмыс істейтін болады. Яғни, ауыл тұрғындары үшін спорттық жаттығу жасауға кең жол ашылды. Кешенде 144 шаршы метрді құрайтын күрес кілемі және үлкен ринг орнатылған. Бұған қоса футбол алаңы бар. Заманауи кешенде аудан жасөспірімдерінің спортпен шұғылданып, үлкен жарыстарға дайындық жасауға мүмкіндіктері мол.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше