10 Маусым, 2016

Қаралы күн

682 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шыққан шақта бүгін ғажап тұғырға, Кір жағылды менің қазақтығыма. Әлдекімдер әлдеқандай пиғылмен, Тас лақтырды елдің азаттығына.   Қару беріп ардан безген наданға, Жұмсаған кім қан төгетін қадамға? Ақтөбеге түскен тастың салмағы, Түсті бүкіл жүрегі бар адамға.   Тәуелсіздік менің қарашығымда, Тәуелсіздік сенің қарашығыңда! Хақысы жоқ қол жұмсауға ешкімнің, Қасиетті бас иетін ұғымға!   Қаралы күн, мұңға толы азалы! Жүрегі бар жанның бәрі жаралы, Өзі тіккен өз отауын қиратса, Уа, ағайын, Алаш қайда барады?!   Намысыңа бекем болғын, нар ұлдар! Айналадан тәлім, сабақ алыңдар! Өз елінде өз-өзіне жау қылған, Арам пиғыл, қара ниет залымдар.   Бейбіт күндер, бейбіт түндер жалғассын! Ана жесір, бала жетім қалмасын! Мұңаймасын енді ел мен Елбасы, Қаралы күн енді жарияланбасын! Бақытбек СМАҒҰЛ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығының төрағасы