10 Маусым, 2016

Лаңкестік – халықаралық қоғамдастық үшін үлкен қатер

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің (ТК) арнайы мәжілісі барысын­да ЕҚЫҰ ТК төрағасы, ЕҚЫҰ жанындағы ГФР делега­ция­сының басшысы, елші Э.Поль, сондай-ақ, Еуропалық одақ, АҚШ, Швейцария, Ресей, Түрік­менстан, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Қасиет­ті Тақ, Сан-Марино, Украи­на, Канада, Норвегия, Моң­ғо­лия, Сербия, Армения, Лих­тенш­тейн, Черно­гория, Молдова, Әзер­байжан, Босния және Гер­це­говина, Түркия делегациялары үсті­міздегі жылғы 5 маусым­да Ақтө­беде орын алған террор­лық актілерге байланысты Қазақстан халқы мен лаңкес­тік салдарынан қаза тапқан от­басыларына көңіл айтып, жара­ланғандар мен зардап шеккен­дердің тезірек сауығып кету­леріне тілектестіктерін білдірді. Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі (ҚРТӨ), өз кезегінде, ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерді көңілдері үшін ризашылығын білдіріп, болған оқиға туралы, Қазақстан тарапынан қабылданып жатқан шаралар жайында ақпараттар берді. ҚРТӨ өзінің мәлімдемесінде үстіміздегі жылғы 7 маусым күні Ыстанбұл қаласында жа­сал­­ған лаңкестікке байланыс­ты туысқан Түркия халқына көңіл айтып, Қазақстанның тер­ро­ризм мен зорлық экстре­­мизмді шешімді түрде айып­тай­тынын және терроризм мен экстремизмнің барлық көрі­ністерінде оларға қарсы тұру үшін халықар­а­лық қоғам­дастықпен ынтымақ­тастығын жалғастыратынын атап өтті. Осы жолғы оқиғалар дүние­жүзі мен халықаралық қоғам­дастыққа экстремистік топтар үлкен қатер төндіріп отыр­ғанын кезекті мәрте айғақ­тайтыны көлденең тартылды. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің Ақтөбедегі лаң­кес­тіктен қаза тапқандарға байланысты 9 маусымды ұлттық азат тұту күні деп жариялауына орай, ҚРТӨ ғимаратында Көңіл айту кітабы ашылғаны туралы хабарланды. «Егемен-ақпарат»
Соңғы жаңалықтар