ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің (ТК) арнайы мәжілісі барысында ЕҚЫҰ ТК төрағасы, ЕҚЫҰ жанындағы ГФР делегациясының басшысы, елші Э.Поль, сондай-ақ, Еуропалық одақ, АҚШ, Швейцария, Ресей, Түрікменстан, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Қасиетті Тақ, Сан-Марино, Украина, Канада, Норвегия, Моңғолия, Сербия, Армения, Лихтенштейн, Черногория, Молдова, Әзербайжан, Босния және Герцеговина, Түркия делегациялары үстіміздегі жылғы 5 маусымда Ақтөбеде орын алған террорлық актілерге байланысты Қазақстан халқы мен лаңкестік салдарынан қаза тапқан отбасыларына көңіл айтып, жараланғандар мен зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектестіктерін білдірді.
Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі (ҚРТӨ), өз кезегінде, ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерді көңілдері үшін ризашылығын білдіріп, болған оқиға туралы, Қазақстан тарапынан қабылданып жатқан шаралар жайында ақпараттар берді.
ҚРТӨ өзінің мәлімдемесінде үстіміздегі жылғы 7 маусым күні Ыстанбұл қаласында жасалған лаңкестікке байланысты туысқан Түркия халқына көңіл айтып, Қазақстанның терроризм мен зорлық экстремизмді шешімді түрде айыптайтынын және терроризм мен экстремизмнің барлық көріністерінде оларға қарсы тұру үшін халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастығын жалғастыратынын атап өтті. Осы жолғы оқиғалар дүниежүзі мен халықаралық қоғамдастыққа экстремистік топтар үлкен қатер төндіріп отырғанын кезекті мәрте айғақтайтыны көлденең тартылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің Ақтөбедегі лаңкестіктен қаза тапқандарға байланысты 9 маусымды ұлттық азат тұту күні деп жариялауына орай, ҚРТӨ ғимаратында Көңіл айту кітабы ашылғаны туралы хабарланды.
«Егемен-ақпарат»