Кешегі күн Қазақстанда Ақтөбе қаласында болған террорлық актінің салдарынан құрбан болғандарға арнап ұлттық қаралы күн болып жарияланды. Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі лаңкестіктен қаза болғандар үшін ұлттық қаралы күн жариялады.
Кеше таңсәріден Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының ғимаратында Көк ту төмен түсірілді. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бастаған еліміз Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің жұмыс күні бейбіт адамдардың, Ұлттық ұлан мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінен қаза болған қызметкерлердің құрметіне бір минут үнсіз тұрумен басталды.
Одан басқа, Қорғаныс министрлігінің барлық бөлімшелері мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде мерт болғандардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қаза болғандардың отбасыларының қайғыларына ортақтасып, көңіл айту жеделхаттарын жолдады.
«Егемен-ақпарат»

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше