10 Маусым, 2016

Аза тұту күніндегі қолдау

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
MaskeuКеше адамдар Қазақстан Республикасының Мәскеудегі елшілігі резиденциясына келіп, 5 маусымда Ақтөбе қаласында орын алған қайғылы оқиғаларға байланысты өздерінің көңіл айтуларын білдірді. Ресей Федерациясы Үкіметі мен Сыртқы істер министрлігінің атынан Көңіл айту кітабына өзі­нің жазбасын Ресей Сыртқы іс­тер министрінің орынбасары – статс-хатшы Григорий Карасин қалдырды. «Осы ауыр сәтте біз достас әрі одақтас Қазақстанмен бірге терроризмге қарсы күресте, адамзатқа қарсы жаңа қылмыстардың бетін қайтаруда аса тығыз өзара іс-қимыл танытуға дайын екенімізді шешімді түрде мәлімдейміз», – деп жазады Г.Карасин. «Адамзатқа жат террорлық актінің салдарынан Қазақстан азаматтарының қаза табуына байланысты» көңіл айтуын ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Николай Бордюжа да білдірді. Аза тұту кітабына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше барлық елдердің елші­лері, планетаның барлық құр­лық­тарынан өкілдік ететін алыс және таяу шетелдердің аға дипломаттары мен әске­ри атташелері өздерінің қол­таң­баларын қалдырды. Кітап­қа өздерінің көңіл айтуларын жазып қалдыру үшін Ресей аста­на­сы­ның тұрғындары мен қазақ диас­по­расының өкілдері  кезекке тұрды. Олардың барлығы Қа­зақ­­стан халқына өздерінің қол­дау сөздерін білдіріп, Ақтө­бе­де жасалған қанқұй­лы террор­лық шабуылды жаз­ғыратын­дық­тарын мәлімдеді. Осы лаңкестікке байланыс­ты өзінің қолдауын ресейлік жа­зушы, «Ресейдің алтын қауыр­сыны» Кирилл Привалов былай деп білдірді: «Осы күні біз Қазақстанмен, осы елдің халқымен біргеміз. Бұл елді мен отбасыммен бір­ге ежелден туған елім санап ке­ле­­мін. Қазақстандықтардың арқа­сында менің туған-туысқан­дарым жантүршігерлік эвакуа­ция уақытында аман қалды. Олар болмағанда менің жақын­дарымның бәрі қаза тапқан болар еді. Және бүгінде біз Қа­зақстанның жанынан табылуға тиіспіз. Өйткені, Қазақстан, басқа да барлық өркениетті адамзат секілді, ешқандай моральдық критерийлер мен идеалдары жоқ аяр да арамза адамдармен ауыр да қатерлі, жасырын күрес жүргізіп келеді. Мен бар­ша­мыз күш біріктіріп, осы күрес­те жеңіске жететінімізге сенім­дімін. Оның үстіне, Қазақстан басшылығында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев секілді ұлы да тарихи көшбасшы отыр. Берік болыңдар, достар!». 6 маусымнан мәскеуліктер Чистые прудыдағы Абай ес­керт­кішіне гүл шоқтарын қоя бас­таған болатын. «Егемен-ақпарат»