Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен көңіл айту жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Ақтөбе қаласында террористердің зұлымдық әрекеті салдарынан қазақстандық әскери қызметшілер мен еліміздің бейбіт тұрғындарының қаза болуына байланысты көңіл айтты.
«Болған оқиға терроризмнің шекара талғамайтынын және әлемнің барлық елі мен бүкіл халқы үшін айқын қатер төндіретінін тағы да көрсетіп берді. Бұл зұлымдықты тек барша жаһан жұртшылығы болып күш-жігер жұмылдыру арқылы жеңуге болады. Ресей Қазақстанмен антитеррорлық бағыттағы серіктестік өзара іс-қимылды бұдан әрі де нығайтуға әзір екенін білдіргім келеді», – делінген жеделхатта.
Сондай-ақ, Ресей Президенті қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтатынын және содырлардың қолынан зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізуді өтінді.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше