10 Маусым, 2016

Алаяқтар

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
АлаякЖалған кәсіпкерлікпен айналысып, жалғанды жалпағынан басқандар азаймай келеді. Жалған мекеме-кәсіпорын құру қылмыстық істер қатарына жатады. Жалған кәсіпкерлікке тән басты сипат – салық төлеуден жалтару десек, Батыс Қазақстан облысында дәл осындай жағдайда мемлекетке түйенің табанындай 4 миллиард теңге көлемінде шығын келтіріліпті. Сотқа дейінгі тергеп, тексеру барысында осы қомақты сомадан мемлекетке қайтарылғаны 80 миллион теңге ғана екен. Тек биылғы жылы өңірде жалған кәсіпкерліктің 15 дере­гі анықталған. Соған сай 5 қыл­мыстық іс сотқа жол­данған. Сон­дай-ақ, биыл жалған кәсіп­керлік құрған төрт кісіге қа­тысты соттың айыптау үкім­дері шы­ғарылған. Олардың жалған кәсіпкерлік сипатындағы қылмысынан мемлекетке 2 миллиард 267 миллион теңге шамасында шығын келген. Яғни мұның өзі осыншама көлемдегі жеке табыс, корпорациялық және қосымша құн салығы төленбей қалды деген сөз. Бүгінде үш үкім заңды күшіне енгізіліпті. Бұл жөнінде газет тілшісіне сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қыл­мыстық істер бойынша мем­лекеттің мүддесіне өкілдік ету басқармасының бастығы Нұрлан Мақатов мәлімдеді. Облыста өткен жылы да 2013-2014 жылдары «IndustrialComplex», «Прогресс LTD», «Сардар­Строй» ЖШС-нің атынан жалған кәсі­пкер­лік қыз­метпен ай­налысқан Н.Құ­балиева, А.Ораз­ғалиева жә­­не Р.Ер­кін­ғалиеваның қыл­­­мыстық істері сотта қа­ралғанын ай­та кеткеннің артықшылығы бола қоймас. Олар мемлекет қа­зынасына 650 миллион тең­ге шығын келтірген. Бұл көрі­ніс кон­трагенттердің салық төле­меуінен орын алған. Осы үшеуі 2015 жылы шартты мер­­зімге сотталған. Ең бас­тысы, осы қыл­мыстарды тікелей ұйым­дас­тыру­шы Э.Дүйсекенов 2016 жыл­дың 23 ақпаны күні сот үкімі бойынша мүлкі тәркіленіп, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі күні жергілікті құқық қорғау органдары мен сот жүйе­сінде осы мәселелер бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынғаны көңілге үл­кен медеу. Мұның нақты мы­­салдары да жоқ емес. Ай­талық биылғы 2016 жылы сотқа жалған тұлғалардың атына рәсімделген және жал­ған кәсіп­керліктің бел­гілері байқалған «заң­ды тұлғалардың» мемлекеттік тір­кеуін бұзу туралы талап-арыз­дар жолданған. Қазір оның бір­қа­тары қанағат­тандырылып, қалғ­ан­дары қаралу үстінде екенін білдік. Темір Құсайын, «Егемен Қазақстан» Батыс Қазақстан облысы