Алматыда өнердің қай түрінен де құралақан қалмаған әнші, композитор, ақын Естай Әлікеевтің «Шер» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті.
Жыраулығымен де танылған Әлікеевтің бұған дейін «Тағдырым мені, кешірші», «Анама», «Жүрегім – сазды сандығым», «Естай Әлікеевтің әндері», «Ән-жүрегімде», «Әзірге айтарым» сияқты жинақтары жарық көрген. 100-ден астам лирикалық және патриоттық әндердің авторы.
Е.Әлікеевтің әндерін бұл күнде Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Тұңғышбай Жаманқұлов, Дильназ Ахмадиева, «Каспий» тобы, «Нұр-Мұқасан» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Есет Сәдуақасов, Динара Қырықбаева, Әйгерім Қалаубаева, Өмірқұл Айниязов, Дина Хамзина, Қайыржан Бердібаев сынды әншілер орындап жүр. Балаларға арналған өлеңдері бір төбе.
Осылайша, жаңа жыр жинағын өлеңсүйер қауыммен қауыштырған жан-жақты талант иесінің кітап-тұсаукесері тамаша өрбіді. «Шер» жыр жинағы қалай жазылғаны да қызықты баяндалды. Шығармашылық кездесуде ақынның өршіл өлеңдері оқылып, жиналғандар жақсы әсермен тарады.
«Жаңа заманның Естайы» атанған Е.Әлікеев ізденімпаз талант ретінде тыңдармандар сүйіспеншілігіне бөленіп жүр. «Жаса, мәңгі қазағым», «Жақсы-жаман», «Талдықорған», «Ақ тілек», «Семейім», «Мына дүние», «Өкінбе», «Сен ғана», «Абылайхан» әндеріне бейнебаян түсірілген.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше