фестивалі халықаралық сыйлықпен марапатталды
Ыстанбұл қаласында түркітілді әлемді дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілетін «Қызыл алма» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.
Бұл сыйлықты 2013 жылы жыл сайын түркітілдес халықтар тұратын барлық елдер мен аймақтардың саясаткерлері мен қоғам қайраткерлерінің басын қосатын Түркі әлемі форумы тағайындаған. Онымен қоғамдық іске, ғылым, спорт, мәдениетке ерекше үлес қосқан тұлғалар марапатталады.
Мәселен, осы жылғы «Қызыл алма» сыйлығына Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев пен Нобель сыйлығының лауреаты Әзиз Санжар ие болған. Сонымен қатар, бұл марапатқа биыл түркі халықтарының дәстүрлі мәдениетін дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін жыл сайын Астанада өткізілетін «Астана-Арқау» дәстүрлі түркі музыкасының фестивалін ұйымдастырушы «EL production company» лайық деп танылды. Сыйлық аталмыш компанияның бас директоры Айгүл Бейсенбаеваға тапсырылды. «EL production company»-ден басқа, бұл сыйлықпен түркі спортын дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін дәстүрлі қазақша күрестен xалықаралық «Еуразия Барысы» турнирін ұйымдастырушы, белгілі журналист және продюсер Арман Шораев та марапатталды.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қазірге дейін 9 мәрте өткізіліп, осы уақыт ішінде бүкіл түркі музыкасы өкілдерінің басын қосып үлгерген «Астана-Арқау» – бүгінде түркі әлемінің дәстүрлі музыкасына арналған ең ірі фестивальға айналды. Соңғы оншақты жыл көлемінде фестивальға барша түркі халықтарының музыкалық дәстүрін насихаттаушы 700-ге тарта музыканттар мен ғалымдар қатысқан екен.
«Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалі қазіргі кезде түркі халықтарының мәдени интеграциясы үрдісінде елеулі орын алған беделді музыкалық шараға айналды.
Фестивальдың 10 жылдығына орай, 2017 жылы Түркі әлемі музыкасының антологиясы шығарылмақ.
«Егемен ақпарат»
Алматы

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59