Қарағанды облысында 3 мыңнан астам адам «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған шара аясында жалпықазақстандық диктант жазды.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, мемлекеттік тілде диктант жазу облыстың тоғыз қаласы мен тоғыз ауданында бір мезетте қолға алынған. Диктанттың 230 таңба белгісінен тұратын мәтіні Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі туралы тақырыпты қамтыған.
Қарағандыдағы Н.Гоголь атындағы облыстық ғылыми кітапханада өткен акция қатысушылары алдында облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Тілеубек Кәмалиев сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
– «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің негізінде әрбір қазақстандық үшін қарапайым Һәм маңызды құндылықтар жатыр. Олар – отбасының берекесі, тұрақтылық, қауіпсіздік, бірлік және ертеңгі күнге деген сенімділік. Дәл қазір сіздер үшін мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендіктеріңізді және де жеке сауаттылықтарыңызды тексеріп алуға деген тамаша мүмкіндік туындап отыр. Барлықтарыңызға азаматтық белсенділіктеріңіз бен өмірлік ұстанымдарыңыз үшін алғыс айтқым келеді!», – деді ол.
Аталған кітапханада диктант жазу үшін этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, жастар мен зейнеткерлер жиылған болатын. Жазылған диктанттарды арнайы құрылған жұмыс комиссиясы тексерді.
«Бұл акция, сөз жоқ, мемлекеттік тілдің беделін көтеріп қана қоймай, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің ұстанымдарын дәріптеуге де жол ашады», – дейді Н. Гоголь атындағы кітапхананың директоры Дина Аманжолова.
Акцияны ұйымдастырушылар хабарлағандай, Қарағанды облысында жалпықазақстандық диктантты 3479 адам жазды. Нәтижесінде қатысушылардың 30 пайызы «өте жақсы» деген бағаға қол жеткізсе, 44 пайызының жұмысы «жақсыға» бағаланды. Сонымен қатар, үздік жұмыстардың авторлары алғыс хаттармен марапатталды.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59