03 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №129

906 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2010 жылғы 20 сәуір, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрі­нің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 20 тамыздағы №169 бұйры­ғында (Нормативтік құқықтық актілер­дің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2468 тіркелген, 2003 жылғы 12 қыркүйектегі №49 «Юридическая газета» газетінде жарияланған): бұйрықтың мемлекеттік тілдегі атауына және кіріспесіне өзгерістер енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді; бұйрықтың мемлекеттік тілдегі «Нотариус­тардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту туралы» деген атауы «Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы» деп жазылсын; бірінші абзацта «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге бай­ланысты және аталған заңның 32-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:» деген сөздер ««Нотариат туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Заңының 32-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:» деп жазылсын. Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариус­тар­дың сынақтан өтушілері туралы ережеде бүкіл мәтін бойынша «аумақтық әділет орга­нының», «аумақтық әділет органы», «аумақтық әділет органына», «аумақтық әділет органымен» деген сөздер «әділет департаментінің», «әділет департаменті», «әділет департаментіне», «әділет департаментімен» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Лицензияның күші тоқтатыла тұрған, тоқ­татылған, жекеше нотариус есептік тіркеуден ал­ынған, сондай-ақ нотариус дәлелді себептермен ұзақ уақыт болмаған жағдайда әділет департаменті немесе нотариаттық палата сынақтан өту мер­зі­мінің ішінде осы Ереженің 9-тармағында көзделген та­лаптарға сәйкес келетін сынақтан өтудің басқа бас­шысын тағайындау туралы шешім қабылдайды.»; 21-тармақта «басқармасының» деген сөзі «департаментінің» деген сөзбен ауыстырылсын. 2) «Жекеше нотариустарды есептік тіркеу ту­ралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Әділет министрінің 2003 жылғы 13 жел­тоқсандағы №264 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2625 тіркелген, Қазақстан Респуб­ликасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде, 2004 жылы №19-20, 919-құжатында жарияланған): 3-тармақта «аумақтық әділет органдарының» деген сөздер «әділет департаменттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жекеше но­тариустарды есептік тіркеу туралы ережеде бү­кіл мәтін бойынша «аумақтық әділет органын­да», «ау­мақтық әділет органы», «аумақтық әділет органы­ның», «аумақ­тық әділет органына» деген сөздер «әділет департаментінде», «әділет департаменті», «әділет департаментінің», «әділет департаментіне» деген сөздермен ауыстырылсын. 3-тармақта «бес күн мерзімде» деген сөздер «бес жұмыс күннің ішінде» деген сөздермен ауыс­тырылсын; 10, 11, 18-тармақтарда «күн» деген сөзі «күн­тізбелік күннің» деген сөздермен ауыстырылсын. 12-тармақта «күн мерзімде» деген сөздер «жұ­мыс күнінің ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын. Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ереженің 1 қосымшасында «басқармасының» деген сөз «департаментінің» деген сөзбен ауыс­тырылсын. 3) «Жергілікті атқарушы органдардың нота­риаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам­дарын аттестациялау туралы Ережені бекіту ту­ра­лы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Әділет министрі­нің 1998 жылғы 9 наурыздағы №150 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №483 тіркелген): бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жа­зыл­сын: «Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауыл­дардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жа­сай­тын лауазымды адамдарын аттестаттау туралы ереже»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті ат­қарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жа­сайтын лауа­зымды адамдарын аттестаттау ту­ралы ережеде бүкіл мәтін бойынша «Қазақ­стан Респуб­ликасы Әділет министрлігі», «аумақтық әділет органы» «ау­мақтық әділет органдарына», «аумақтық әділет орган­дарының», «аумақтық әділет органы­ның», «аумақтық әділет органына» деген сөздер «әділет департаменті», «әділет департаменттеріне», «әділет департамент­терінің», «әділет департамен­тінің», «әділет департаментіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (се­лолық) округ­тердiң әкiмдерi аппараттарының нота­ри­ат­тық iс-әрекет­тер жасайтын лауазымды адамдарын аттестаттау туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) көрсетілген адамдарды аттестаттау тәртібін, шарттары мен мерзімдерін реттейді.»; 2, 14-тармақтарда «жергілікті атқарушы орга­нының» деген сөздер «аудандық маңызы бар қа­лалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппа­раттарының» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Р.ТҮСІПБЕКОВ. –––––––––––––––––––––––––––––––– Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2010 жылғы 22 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6185 болып енгізілді.