Қоғам • Бүгін, 00:15

Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық симпозиум өтті

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Абай университетінде «Қайым Мұхамедханов – 110 жыл: Ұлт руханияты, ғылым және абайтану мәселелері» тақырыбында халықаралық симпозиум өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық симпозиум өтті

Симпозиумда «Қайым Мұхамедханов атындағы абайтану дәрісханасы» ашылып, қаламгер еңбектерінің тұсауы кесілді. Халықаралық деңгейдегі алқалы жиын ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, абайтанушы, текстолог Қайым Мұхамедхановтың ғылыми мұрасын жаңаша пайымдауға арналды.

Дәрісхананың тұсауын университеттің академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова, Филология факультетінің деканы Алуа Таңжарықова, профессор Фаузия Шамсияқызы және әдебиеттанушы Балтабай Әбдіғазин кесті. Симпозиумға Қайым Мұхамедхановтың ұлы Дегдар Қайымұлы мен қызы Дина Қайымқызы қатысып, әке мұрасына көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.

Проректор Бану Нарбекова өз сөзінде бар ғұмырын алаштану мен абайтануға арнаған Қайым Мұхамедхановтың қуғын-сүргінге ұшыраса да тағдыр сынына мойымай, елге адал қызметі бүгінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ғалым атымен ашылған дәрісхананың әдебиеттанушылар мен педагогтарды даярлайтын қара шаңырақ үшін тарихи мұра және Абай құндылықтарын дәріптеуге берік негіз болатынын жеткізді.

Симпозиумда Қайым Мұхамедхановтың ғылымдағы жолына  тоқталып өткен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, академик Кенжехан Матыжанов  еңбектерінің маңызын атап өтті.

«Қайым Мұхамедхановтың жетекшілігімен 30-дан аса диссертация қорғалды. Бүгінде Абай шәкірттері мен ізбасарлары мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылып келеді. Бұл – қазақ әдебиетіндегі бірегей ғылыми мектеп, ұлт мақтанышы. Осындай жанкешті еңбегі үшін ол 1951 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Соған қарамастан, ғұмыр бойы Абай сөзінің түпнұсқасын сақтаумен айналысты, текстологиялық талдау жасап, ғылыми түсініктемелер жазды. Бүгінгі жастар еркін заманда өмір сүріп жатыр. Конституцияның ең басты құндылығы – адамның еркіндігі. Ал осы еркіндікті Қайым Мұхамедханов сынды тұлғалар ғұмыр бойы армандады. Сіздер бақыттысыздар», деді академик.

Жиында сондай-ақ Шәкәрім университетінің ректоры Думан Рымғалиұлы және Түркия Республикасы консулдығының білім жөніндегі атташесі, профессор Шүкір Көше көрнекті ғалымның мазмұнды мұрасына, абайтануға қосқан келелі еңбегінің маңызын атап өтті. Абайтануға арналған дәрісхананың ашылуы қазақ ғылымы мен мәдениетін дамытудағы ғылыми оратлықтың біріне айналмақ.

Сезім селт еткен кеш

Симпозиумда Қайым Мұхамедханұлы атындағы білім және мәдениет орталығының директоры, ғалымның қызы Дина Қайымқызы университет қорына кітаптар сыйлады.

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштағы қызанақ

Қоғам • Кеше