отандық фармацевтикаға соны серпін әкеледі
Қарағандылық ғалымдар тағы бір бірегей дәрі ойлап тапты. «Цитофат» деп аталатын препарат қазір Назарбаев Университеттің медициналық орталығында клиникалық сынақтан өткізілуде.
Жаңа дәріні жасап шығаруды алдымен қолға алған – белгілі ғалым, химия ғылымдарының докторы, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Арыстан Ғазалиев. Арыстан Мәуленұлы препаратты жасап шығару жолындағы жұмыстарын, тіпті, осыдан ширек ғасырдай бұрын, ҰҒА Органикалық синтез және көмір химиясы институты директорының орынбасары қызметін атқарып жүрген шағында бастаған екен. Қызметі ауысса да мақсатынан танбаған ғалым бұл жұмысқа ҚарМТУ жанындағы ғылыми-зерттеу институтының химик ғалымдарын, магистранттары мен студенттерін де тартқан.
Ғалымдардың айтуынша, жаңа препарат отандық фармацевтика саласына соны серпін беруі тиіс. «Цитофат» бүгінгі қоғамда әлеуметтік дертке айналған бауыр ауруларын емдейді. Оның үстіне, бағасы да қарапайым халық үшін қымбат болмайды. Өйткені, дәрі Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсетін өсімдік – термопсистен жасалады екен.
Клиникалық сынақтар бірнеше айға созылуы мүмкін. Себебі, қанша дегенмен, күні ертең адам ағзасына сіңірілетін зат болғандықтан, оны жан-жақты тексеруден өткізу әбден керек. Сәтін салып, оң нәтиже беріп жатса, дәріхана сөрелеріндегі импорт дәрілердің біразын осы қарағандылық препарат ығыстыруы ғажап емес.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38