14 Маусым, 2016

Еуро-2016. Бельгия – Италия (фото)

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Футболдан Еуропа чемпионатының Е тобында өнер көрсететін Бельгия мен Италия құрама командалары Лион қаласындағы «Стад де Льюмер» стадионында кездесті. Италия командасы қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Матч аса тартысты өткендіктен, қызықты сәттері де көп болды. Біз сол сәттердің кейбір көріністерін назарларыңызға ұсынамыз. 160614-foot-(01) 160614-foot-(05)Жанкүйер – команданың 12 ойыншысы. Олардың қызу қолдауы футболшыларға күш беріп, жеңіске жетелей түседі. 160614-foot(10) 160614-foot(04)Эмануэле Джаккерини мен Грациано Пелленің өз голдарын соққан сәттері. 160614-foot-(08)Бельгияның бірнеше мәрте гол соғатын мүмкіндіктері болған еді. Алайда, әлемнің бірнеше дүркін үздік қақпашысы болған Джанлуиджи Буффоннан айлаларын асыра алмады. 160614-foot-(09)Осыдан екі жыл бұрын «Челси» сапында ағылшын премьер-лигасының үздік ойыншысы болған Эден Азар өткен маусымды сәтсіз аяқтады. Сәтсіз маусымын ұлттық құрама ойындарында жақсы өнер көрсетіп, жуып-шайғысы келген. Алайда, дүбірлі доданың да бірінші ойыны Азар үшін ойдағыдай өтпеді. 160614-foot(11)«Жақсы қақпашы – жарты команда». Тибо Куртуа болмаса, кешегі ойында Бельгия құрамасына тағы бірнеше гол соғылар ма еді?! 160614-foot-(02)Бейне бір финалда жеңіске жеткендей қуанып жатыр деген ойда қаларсыз. Бірақ Еуропа чемпионатында өнер көрсетіп, жеңіске жету әркімге бұйыра бермейді. Мұндай турнирде әрбір жеңіс қай команда үшін финалдық ойынға пара-пар. Аян Әбдуәли. Фото: vk.com, indianexpress.com,
Соңғы жаңалықтар