Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында іссапарда болып, бір кезде өзім оқыған №2 Кішкенекөл орта мектебінің ұжымымен кездескенімде осы білім ордасының бүгінгі басшысы Тұрлыбек Оспанов соңғы жылдары кейбір жергілікті ағайындардың балаларын орыс сыныптарына беріп жатқандықтарын ренішпен айтқан еді. Өйткені, олар: «Қазақ тілінде білім алған түлектерге жоғары оқу орындарына түсу үшін бөлінетін мемлекеттік білім беру гранттары аз болғандықтан, Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) жоғары ұпай жинаса да, бақтары жанбай жатады. Ал орысша оқығандар ҰБТ-да төмендеу ұпай алса да, тегін оқуға түсу мүмкіндігіне көбірек ие», – деген пікірде екен.
«Мұның себебі мынада: елімізде қазақ тілінде білім алған түлектердің саны орысша оқығандардан әлдеқайда көп. Бірақ, мемлекеттік гранттарды бөлу кезінде бұл жағдай жете ескерілмей, тиісті пропорция сақталмай келеді», – деп түсіндірген еді Тұрлыбек Темірғалиұлы.
Сол сәтте біздің де жадымызға елімізде ҰБТ алғаш енгізілген жылдары мемлекеттік білім беру гранттары қазақша және орысша оқыған түлектердің сандары қанша екендігі ескерілместен, бірдей бөлініп берілгендігі жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында әділ сын айтылғандығы түсіп, мұндай әділетсіздік әлі күнге түзетілмегені ме деген күмәнді ой келді. Ұшқан ұямның ұстаздарына осы мәселенің анық-қанығына жетуге уәде беріп аттанған едім. Соған орай Білім және ғылым министрлігімен хабарласып, мынадай деректер алдым:
2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша, қазақ мектептері мен аралас мектептерді қоса алғанда, қазақ тілінде оқыған түлектердың саны 60128 болған, немесе барлық мектеп бітірушілердің жалпы санының 72,2 пайызын құраған. Орысша оқығандардың саны – 23134, яғни 27,8 пайыз. Ал, ҰБТ-да 101-ден 125-ке дейін ұпай алған қазақтілді түлектер саны 10491, немесе мектеп бітірушілердің жалпы санына шаққанда 17,45 пайыз екен. Осындай жоғары нәтижеге жеткен орыстілді түлектердің саны 3976, яғни тиісінше 17,19 пайыз болып шықты. Бұл көрсеткіштер жұртшылық ішінде кеңінен тараған «орыс тілінде оқығандардың білімі қазақша оқығандардан жоғары болады» деген пікірдің мүлдем жаңсақтығын айдан анық аңғартып тұрған жоқ па?!
Алайда, 2014-2015 оқу жылына бөлінген мемлекеттік білім беру гранттарының қазақша және орысша оқыған түлектер арасында қалай бөлінгендігін талдай келгенде Тұрлыбек Оспанов айтқан сынның негізсіз еместігі сезілді. Атап айтқанда, бұрнағы жылы қазақша оқығандардың үлесіне тек гуманитарлық мамандықтарға бөлінген гранттардың 72 пайызы тиген, ал техникалық ғылымдар мен технологиялар, педагогика, медицина, ауыл шаруашылығы, ветеринария, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары,қызмет көрсету және басқа мамандықтар бойынша бұл көрсеткіш 65-67 пайыздан аспапты. Мұның өзі ҰБТ-да тәуір нәтижеге жеткен қазақтілді түлектердің бірсыпырасының гранттан қағылуына, ал олардан гөрі төмендеу ұпай жинаған кейбір орыстілді түлектердің «жолдары болып» кетуіне ықтимал жағдай туғызғандығын жоққа шығару қиын, әрине.
Әйткенмен, Білім және ғылым министрлігі өткен жылы бұл мәселеде әділдік орнатты деуге әбден болады. 2015-2016 оқу жылына бөлінген мемлекеттік білім гранттарының қазақ тілінде білім алған түлектерге тиген үлесі барлық мамандықтар бойынша 74-77 пайызға дейін жеткізілген. Бұл еңбек нарығындағы нақтылы сұраныс пен еліміздегі демографиялық үрдісті егжей-тегжейлі ескере отырып, қабылданған оң шешім екендігі даусыз.
Білім және ғылым министрлігі алдағы уақытта да мемлекеттік білім беру гранттарын бөлуде әділдікті сақтайды, сөйтіп, тіпті, шалғайдағы кілең қазақтар тұратын Уәлиханов ауданының өзінде көрініс берген, кейбір ата-аналардың өз балаларын қазақша оқытудан бас тартуы сияқты келеңсіздіктің тамырына түпкілікті балта шабылады деп сенеміз.
Кәрібай МҰСЫРМАН,
Парламент Мәжілісінің депутаты

Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33