Елордалық жас суретшілердің «KADMII QYZYL» арт-тобы ұсынған «Неономад» көрмесінде үш кезеңнің кескіні ұштасады.
Көрменің ашылуында Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай жастардың заманауи жұмыстарын жоғары бағалап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.
– Бұл жұмыстардың барлығы да талантты жас суретшілердің ішкі дүниелерін ашып көрсетеді. Мұндай жаңа бастамаларға әрқашан қолдау білдіруіміз керек. Себебі, біз үшін өнердің орны бөлек. Алдағы уақытта да мұндай тың идеялардың авторларын Ұлттық музейден көргіміз келеді. Сондықтан, талапты 7 суретшінің алдағы жұмыстарына табыс тілеймін, – деді Д.Мыңбай.
Еске сала кетейік, «KADMII QYZYL» арт-тобы 2010 жылы құрылған. Оның қатарында Бейбіт Әсемқұл, Әйгерім Жұмағалиева, Әлия Қаныбекова, Наталья Лигай, Жеңіс Молдабеков, Алмас Орақбай, Гүлмарал Тәтібаева есімді жастар бар. Көрмеге олардың 30-ға жуық жұмысы қойылды. Өнер туындыларының арасында инсталляция, фотосуреттер, видео-арт және перфоманс бар.
Туған үйдің символы саналатын «Ұя» инсталляциясы арқылы көрменің басты идеясы айқындала түседі. Қазіргі таңда бақытты өмір іздеген адамдар құстармен тағдырлас тәрізді. Әлемде үнемі қозғалыс, адамдар қаладан-қалаға, бір елден екінші елге, бір құрлықтан екінші құрлыққа көшіп-қонып жатады. Өмірдің заманауи көшу бейнесі бүкіл әлемге ортақ, бүгінгі көшпелілер – неономадтар – өзін және өз бақытын табу үшін орын ауыстырудан жалықпайды. Осы арада, өз тамырыңнан қол үзбеу, өзіңнің кім және қайдан екеніңді ұмытпау өте маңызды!
Сонымен қатар, көрмеге Наталья Лигайдың «Өмір елесі», Әлия Қаныбекованың «Туған жерім тұғырым», Гүлмарал Тәтібаеваның «Замана көші», Алмас Орақбайдың «Жұрт» фотосуреттерінің топтамасы қойылмақ. Осы жұмыстарда суретшілер қоныс аударудың әлеуметтік-мәдени үрдісіне өз көзқарастары мен ойларын білдіруге тырысады.
Мегаполистер өз төңірегіндегі елді мекендер мен олардың тұрғындарын өзіне сіңіре отырып қарқынды өсуде. Мұндағы адамдар құм қиыршығы сияқты. Алайда, әрбір адам бірегей және талантты, Әйгерім Жұмағалиеваның «Қала алпауыттары» топтамасымен жасалған фототуындылары осы туралы баяндайды. Суретші сәулеттік ансамбльдерді, мүсін композицияларынан гөрі қаланы жасайтын және оған жан кіргізетін адамдарды жырлайды.
Жеңіс Молдабековтің «Тарих қойнауынан жарқын болашаққа» топтамасымен жасалған фототуындыларында бабаларымыздың байырғы көшіп-қону үрдісімен бүгінгі теміржолдар өтіп жатуы ықтимал Қазақстанның кең-байтақ даласына ерекше орын берілген. Суретші өз сюжеттерінде бүгінгі мен кешегіні ұштастырады.
Ал, Бейбіт Әсемқұлдың «Шексіздік» топтамасымен жасалған фототуындылары әйелдерге арналған. Қазақ мәдениетіндегі әйел ежелден отбасы мен дәстүрдің сақтаушысы саналады. Суретші қазіргі замандағы әйелдің классикалық бейнесінің өзгеруі туралы ой толғайды. Жастар көрмесі 26 маусымға дейін жалғаспақ.
«Егемен-ақпарат»

Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35