16 Маусым, 2016

Балаларға – барлық жағдай

358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
IMG_2678Басқа-басқа, жас баланың шырқырап ауырғаны қиын. Бұл ата-ана үшін де, емдеуші дәрігер үшін де өте ауыр жағдай. №1 Тараз қалалық балалар ауруханасы жыл сайын 7000-нан  аса науқасты қабыл­дай­ды. Олардың 65-70 пайызына шұғыл жәрдем керек. Науқастардың 95 па­йызы емделіп, айығып  шығады. Өткен жылы оңалту бөлімшесі арқылы 690 ауру бала өтті. Бөлімшенің негізгі мақсаты – ауру­дың созылмалығы мен асқыну­ларының алдын алу, баланың денсаулығын қалпына келтіру. Бұл үшін ауруханада емдік дене шынықтырудың 3 жабдықталған кабинеті бар. Ол тренажерлармен және  басқа да құралдармен, физио бөлмелермен жабдықталған. Бөлімше дәрігерлері 2015 жылы диспорт-терапия жүргізу үшін арнайы оқу курстарынан өтті. Диспорт терапиясы 56 жүйке жүйесімен ауыратын балаларды қабылдайды. Дәрі-дәрмектік еммен қатар Монтессори, еңбек терапиясы, психолог, логопед, емдік дене шынықтыру кабинеттерінде 6-дан 18 жасқа дейінгі емделушілерге арналған әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық оңалту жүргізіле­ді. Бұл бағытта ашылғанына бір жыл болған сенсорлық бөл­мені ерекше мақтанышпен айтуға болады. Мұнда балалар психоэмоционалдық жеңілдіктер алады. Босаңсу ем-шаралары кезінде ми жарақатынан, депрессиядан, қозғалыс бұзылуынан соң ағзаны қалпына келтіру үшін тонустық элементтер қолданылады. Одан басқа тиімді емдеу бассейнінде гидрокинезо емдеуі жүргізіледі. Сондай-ақ, балаларды емдеуге арналған «Атлант» оңалту костюмдері алынды, бұл бала ағзасының бұлшық еттерінің жұмысы мен нығаюы, олардың күштік сапасын арттыру үшін қолданылады. Жаңа типтік аурухананың жақсы жабдықталуының арқа­сында соңғы 3 жылда үлкен өзгерістер болды. Дұрыс күтім көрсетілуімен, қажетті темпе­ратуралық тәртібімен  және ­тазалық сақталуымен біз бұрын­ғыға қарағанда шала туған бала­ларға неғұрлым көбірек көмек көрсетудеміз. Бұл саладағы көптеген тәжірибені Балтық жағалауынан келген әріптес­терімізден алдық. Өскелең ұрпақ денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі. Біз оны сақтауға және уақтылы, сапалы медициналық көмек көрсетуге барлық күшімізді саламыз.  Райымбек НҰРЖАНОВ, №1 Тараз қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Тараз
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024