17 Маусым, 2016

Мақсат – салт-дәстүрді сақтау және кеңінен тарату

636 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
логотип к 25 летию ДНК-1Тәуелсіздігіміздің 25 жыл­дық белесі ұлтымыздың рухани құндылықтарын насихаттап, ел дамуының дара жолын танытатын іс-шара­лардың өткізілуімен ерек­шеленіп отыр. Кеше көне Тараз қаласын­да қазақ халқының ұмыт бола бас­таған ұлттық тағамдарының және «нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің конкурстары қорытындыланды. Шараға Мем­лекеттік хатшы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. – Іс-шараға қатысушылардың басым көпшілігі жастар болуы қуантты, – деді Гүлшара Наушақызы. – Бұл жас буын­ның көнені зерделеуге, тарихымызды тануға, дәстүрімізді білуге деген талпынысын көрсетеді. Бұл конкурстардың маз­мұны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Дәстүр мен мәдениет – ұлт­тың гене­тикалық коды. Біз өзіміздің ұлт­тық мәде­ниетіміз бен дәстүрлерімізді қорғауы­мыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп бол­са да жинастыруымыз керек», деген келелі міндетіне толық сай келеді. Республикалық дәрежедегі екі конкурстың шежірелі Тараз жерінде өткізілуі кездейсоқ емес. Бұл – Тараз – Ақшолақ – Ақыртөбе – Құлан – Меркі – Шу – Аспара арқылы Ұлы Жібек жолы өткен қасиетті жер. Оның төсіндегі әр кесенеде тұнған тарих бар, ал өлкеде салт-дәстүрлеріміздің сақталып, дәріптелуіне тиісінше мән беріліп, жағдай жасалып отыр. Тараз төрінде өткен бұл кон­курс­­тардың мақсаты – ұлты­мыз­дың сан ғасырлар бойғы салт-дәстүрін сақтау және кеңінен тарату, елдің өсіп-өркендеуі дәстүрлі ұлттық құндылықтар негізінде жүзеге асатынына жұртшылық­тың назарын аудару, сондай-ақ, әйел­дерді халықаралық Астанада өтетін  ЭКСПО-2017 көрмесіне қа­ты­суға дайындау. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы