18 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің  №253

246 рет
көрсетілді
39 мин
оқу үшін
2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыз №241 Астана қаласы Бірлескен бұйрығы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 6) тармақшасына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды; 4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В.ШКОЛЬНИК Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №253 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №241 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алудың жылдық және (немесе) орта мерзімді және (немесе) ұзақ мерзімді бағдарламаларында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың уәкілетті адамдарының, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар немесе жер қойнауын пайдаланушылардың уәкілетті адамдарымен жұмысы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімінің жұмысымен үйлестірілген, Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналастырылған электрондық сатып алу жүйесін пайдалана отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жекелеген жұмыстарды орындау үшін тартатын мердігерлердің ТЖҚ сатып алу тәртібін айқындайды. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ сатып алуға байланысты тапсырыс берушілердің сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі. 2. Осы Қағидалар: 1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ТЖҚ-ны сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға; 3) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды. 3. Осы Қағидаларда Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуетті жеткізуші – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ-ны сатып алу процесіне қатысушы жеке адам, заңды адам, заңды адамдардың уақытша бірлестігі (консорциум); 2) әлеуетті жеткізушінің аффилиирленген адамы – шешімдерді айқындау және (немесе) осы әлеуетті жеткізуші қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне әсер етуге құқылы кез келген жеке немесе заңды адам, сондай-ақ оған қатысты осы әлеуетті жеткізуші осындай құқыққа ие кез келген жеке немесе заңды адам; 3) біртекті ТЖҚ – бірдей болып табылмайтын, ұқсас сипаттамалары бар және бір функцияны орындауға және өзара алмасымды болуға мүмкіндік беретін ұқсас құрамдастардан тұратын ТЖҚ; 4) жанама қызмет – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты емес және лицензиялық келісімшарттық талаптарды орындауға бағытталған, шығыстарын құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерін орындау ретінде есепке алатын қызмет; 5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ-ны сатып алуды және олардың өндірушілерін бақылау және мониторингілеу, сондай-ақ электрондық сатып алу жүргізу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе; 6) жер қойнауын пайдаланушының уәкілетті адамы – осы Қағидаларға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны жер қойнауын пайдаланушы атынан сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушы уәкілеттік берген жеке немесе заңды адам; 7) конкурстық комиссия – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 4) тармақшаларында белгіленген тәртіппен және тәсілдермен ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізудің рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші құратын алқалы орган; 8) конкурстық құжаттама – ашық конкурсты өткізу шарттарын қамтитын конкурстық өтінімді және конкурстық баға ұсынысын дайындау үшін әлеуетті жеткізушіге ұсынылатын, тапсырыс беруші бекіткен құжаттама; 9) кешенді жұмыс – қатты пайдалы қазбалар саласындағы жер қойнауын пайдаланушыларға ғана таралатын және жобалық және іздестіру жұмыстарын, толық аяқталған құрылыс, жобалау және зерттеу жұмыстарын толық аяқталған құрылысты (қажет болған жағдайда) басқаруды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы және көрсетілген жұмыстарға ілеспелі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету; 10) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы – «электрондық үкіметтің», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталық; 11) қаржылық жыл – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес айқындалған уақыт кезеңі; 12) мердігер – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін жер қойнауын пайдаланушы немесе оның уәкілетті адамы тартатын жеке немесе заңды адам; 13) сатып алу – келісімшарттық міндеттемелерді және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен жүзеге асырылатын, келісімшартта жанама ретінде көзделген қызметті орындау үшін қажетті жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны меншікті қаражат есебінен сатып алу; 13) сатып алу коды – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруларды қалыптастыру кезінде немесе осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәсілмен ТЖҚ-ны сатып алу қорытындыларын шығару хаттамасын қалыптастыру кезінде жүйемен қалыптастырылған код; 15) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес ТЖҚ-ны сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, мердігер, жер қойнауын пайдаланушының уәкілетті адамы; 16) толық аяқталған құрылыс – салу, оны қамтамасыз ету және пайдалануға дайын объектіні тапсырыс берушіге өткізу; 17) шартты баға – ашық конкурс шеңберінде сатып алынатын тауарлардың қазақстандық өндірушісі немесе жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі болып табылатын, ашық конкурсқа қатысушының конкурстық өтінім бағасының жиырма пайызға шартты түрде азайтылуы ескеріле отырып есептелген және тек конкурс жеңімпазын айқындау мақсатында ғана конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезінде пайдаланылатын баға; 18) шарттың елеулі талаптары – бұл шарттың нысанасы, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері мен орындары, төлеу тәртібі, шарттың қолданылу мерзімі туралы талаптар; 19) электрондық сатып алу жүйесі (бұдан әрі – жүйе) – сатып алуды ұйымдастырушылар (жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін пайдаланатын, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес құрылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық жүйе; 20) электрондық цифрлық қолтаңба – бұл электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар тізілімі. 4. Сатып алу рәсімдерін жүргізу және сатып алу бойынша барлық құжаттама, оның ішінде әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері, қоса тіркелетін құжаттармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда басқа тілдердегі аудармасы қоса беріле отырып, жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші бекіткен және (немесе) әлеуетті жеткізуші ұсынған құжаттардағы аудармалар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, мемлекеттік тілде ұсынылған құжаттар артықшылыққа ие болады. 5. Бағалау рәсімдерін жеңілдету және сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізушілер ұсынған, әртүрлі валюталармен көрсетілген бағаларды салыстыру үшін қолданылатын валюта, бағаларды бағалау және салыстыру күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының валютасы - теңге болып табылады. 6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны сатып алуды тапсырыс беруші жүйені пайдалана отырып, мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады: 1) ашық конкурс; 2) бір көзден; 3) баға ұсыныстарын сұрату; 4) электрондық сатып алу жүйесі арқылы. Тауар биржалары арқылы тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осы Қағидаларда айқындалған барлық сатып алу рәсімдерінің іске асырылуын қамтамасыз ететін функционалды көздейтін жүйені жеке және заңды адамлар жасайды. Жүйені пайдалану тәртібін оның жеке меншік иесі немесе иесі айқындайды. 7. Тапсырыс беруші өзінің шешімімен тапсырыс берушінің атынан ақпаратты қалыптастыру және жүйеге орналастыру бойынша осы Қағидаларда көзделген іс-қимылдарды жасайтын уәкілетті адамның айқындайды. 8. Әлеуетті жеткізушіге ашық конкурс тәсілімен және электронды сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізу кезінде мынадай біліктілік талаптары қойылады: 1) құқықтық қабілеттілікке (заңды адамдар үшін), азаматтық іс-әрекет қабілеттілігіне (жеке адамдар үшін) ие болу; 2) төлемге қабілетті болу; 3) тарату немесе банкроттық рәсімдерге жатпау. Көрсетілген талаптарға сәйкестікті растау үшін әлеуетті жеткізуші осы Қағидалардың 40-тармағының 2), 5), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады. 9. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ-ны сатып алу мынадай қағидаттарды сақтай отырып, жүзеге асырылады: 1) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы; 2) әлеуетті жеткізушілердің арасындағы адал бәсекелестік; 3) қазақстандық ТЖҚ-ны өндірушілерді қолдау. Тапсырыс беруші сатып алу рәсімдерінің кез келген кезеңінде осы Қағидаларда көрсетілген нормаларды бұзған жағдайда, тапсырыс беруші сатып алуды өткізуден және осындай сатып алуды қайтадан өткізуге бас тартады. Әлеуетті жеткізуші тапсырыс берушінің сатып алуды өткізуден бас тарту туралы шешімімен келіспеген жағдайда, өзінің мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге болады. 10. Сатып алу процесі мыналарды қамтиды: 1) сатып алуды жоспарлау; 2) жеткізушіні таңдау және онымен сатып алу туралы шарт жасасу; 3) сатып алу туралы шартты орындау. 11. ТЖҚ-ны сатып алуға заңды адамлардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумдар) қатысуына жол беріледі. Сатып алуға осындай заңды адамлардың уақытша бірлестіктері қатысқан жағдайда, оның қатысушылары осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген өздерінің біліктілік талаптарын растайтын құжаттардан басқа: 1) бірлестікке (консорциумға) кіретін заңды адамлардың уәкілетті өкілдері қол қойған және осы заңды адамлардың фирмалық мөрлерімен бекітілген бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарттың сканерленген көшірмесін; 2) егер әлеуетті жеткізушінің осындай қызметі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатқан жағдайда, онда консорциумның бір немесе бірнеше қатысушысының (қатысушыларының) бірлескен шаруашылық қызметі туралы шартта көзделген қызмет бөлігінде тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына тиісті лицензияларының сканерленген көшірмелерін ұсынады. 12. Жүйе арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны сатып алуға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығында электрондық цифрлық қолтаңба алу немесе тіркеу куәліктерінің тіркелімін енгізу, заңды және (немесе) жеке адамны жүйеге сатып алуға қатысушы (тапсырыс беруші және (немесе) жеткізуші) ретінде тіркеу, сондай-ақ жүйеде ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті адамдарды жүйеде тіркеу қажет. Бұл талап осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәсілдер арқылы өткізілетін сатып алуға қолданылмайды. Белгіленген мерзімде жүйенің оларды ашу сәтіне дейін жүйе арқылы ашық конкурсқа қатысушылар және (немесе) әлеуетті жеткізушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын, баға ұсыныстарын электрондық сатып алу жүйесі арқылы тәсілімен сатып алу бойынша баға ұсыныстарын тапсырыс берушінің қарауына жол берілмейді. Тапсырыс беруші өткізетін сатып алуға қатысу үшін әлеуетті жеткізушілер ұсынған құжаттарды тапсырыс берушінің жоюына және (немесе) өзгертеуіне жол берілмейді. 2. Сатып алуды жоспарлау 13. ТЖҚ-ны сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламалары жер қойнауын пайдаланушының жұмыс бағдарламасы және тиісті бюджеттері негізінде әзірленеді. Жұмыс бағдарламасы болмаған жағдайда ТЖҚ-ны сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламалары жер қойнауын пайдаланушының бекітілген бюджеттері негізінде әзірленеді. ТЖҚ-ны сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей қолдану үшін және келісімшартта жанама көзделген қызметтер үшін сатып алынатын барлық ТЖҚ көрсетіледі. ТЖҚ сатып алудың жылдық, орта, ұзақ мерзімді бағдарламаларын тапсырыс беруші жүйеде орналастыруы тиіс. 14. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының немесе уәкілетті адамың ТЖҚ-ны сатып алу рәсімі ТЖҚ-ны сатып алудың жылдық бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының немесе уәкілетті адамның ТЖҚ-ны сатып алу рәсімі осы Қағидалардың 168-тармағында көзделген жағдайларда сатып алудың орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. 15. Қажет болған жағдайда ТЖҚ сатып алудың жылдық, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін. 16. Жер қойнауын пайдаланушының ТЖҚ-ны сатып алудың бекітілген жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларында көзделген ТЖҚ-ны сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған жағдайда, сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға жол беріледі. 3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ашық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алу тәртібі 1-параграф. Жалпы ережелер 17. Ашық конкурс тәсілімен біртекті болып табылмайтын ТЖҚ-ны сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушіге конкурстық құжаттамада мұндай ТЖҚ-ны лоттарға міндетті түрде бөле отырып, көрсетілген тәсілмен бірыңғай сатып алуды ұйымдастыруына және жүргізуіне жол беріледі. Ашық конкурс тәсілімен біртекті ТЖҚ-ның бірнеше түрлерін сатып алу ТЖҚ-ны олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға және оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) орны бойынша бөлу арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші ашық конкурсты өткізген кезде өзінің қалауы бойынша лоттарды тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың және (немесе) қызметтерді көрсетудің бір орнына ие біртекті ТЖҚ-ның саны (көлемі) бойынша қосымша бөле алады. Тапсырыс беруші біртекті тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшарт шеңберінде өткізген жағдайда, осындай тауарларды немесе жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша сатып алынатын тауарлардың немесе жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтер көлемдерінің бөлінуі көрсетілген жағдайда бір лотпен сатып алуға жол беріледі. Толық аяқталған құрылыс және кешенді жұмыстар бір лотпен сатып алынады. Ашық конкурс сегіз кезеңде өткізіледі: 1) конкурстық комиссияны қалыптастыру; 2) конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту; 3) ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы жүйеде орналастыру, сондай-ақ ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыруды аптасына кемінде үш рет жарияланатын және мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру; 4) конкурстық өтінімдерді жинау; 5) конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасын жасай отырып, жүйеде конкурстық өтінімдерді ашу; 6) конкурстық комиссияның ашық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті жеткізушінің «тауарлардың қазақстандық өндірушісі» (егер, әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың сатып алу нысанасы болып табылатын тауарларды өндірген жағдайда) немесе «жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі» (егер әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындаған немесе қызметтерді көрсеткен жағдайда) мәртебесіне сәйкестігін немесе сәйкес келмейтіндігін көрсете отырып, ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын жасай отырып, ашық конкурстың талаптарына сәйкес келуіне конкурстық өтінімдерді қарауы; 7) ашық конкурсқа қатысушылардың жүйедегі әрбір лот бойынша конкурстық баға ұсыныстарын ұсынуы және жүйе арқылы қорытынды шығару хаттамаларын жасай отырып, ашық конкурстың жеңімпазын айқындау; 8) ашық конкурстың жеңімпазымен шарт (шарттар) жасасу. Осы тармақта көзделген жағдайларда әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарау, ашық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ ашық конкурстың жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады. 2-параграф. Конкурстық комиссиясын қалыптастыру 18. Тапсырыс берушіге жеке ашық конкурсқа да, сондай-ақ тұрақты негізде де, бірақ бір қаржы жылынан аспайтын мерзімге конкурстық комиссияны құруға жол беріледі. 19. Конкурстық комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурстық комиссияның мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Конкурстық комиссияның құрамында кемінде үш адам болуы тиіс. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссияның шешім қабылдауы кезінде дауыс беруге болмайды. 20. Конкурстық комиссияның отырыстары конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілігі қатысқан жағдайда өткізіледі және қатысқан конкурстық комиссия мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары мен конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесі қатыспаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның қатыспау себебі көрсетіліп, осы фактіні растайтын құжат қоса беріледі. 21. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беруарқылы қабылданады және оған отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, ол қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның төрағасы немесе, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, конкурстық комиссияның кез келген мүшесі айрықша пікірге ие болады, ол жазбаша түрде жазылуы және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс. 22. Конкурстық комиссияның төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, комиссияның отырыстарында төрағалық етеді. 23. Конкурстық комиссияның хатшысы ТЖҚ-ны сатып алу бойынша ашық конкурс рәсімдерінің өткізілуін ұйымдастырады. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды дайындайды, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссия отырысының өткізілуін ұйымдастырады, жүйемен қалыптастырылған өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына, өтінімдер салынған конверттерді ашуға қатысуға рұқсат хаттамасына, ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасына, конкурстық комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларына қол қояды, ТЖҚ-ны сатып алу бойынша ашық конкурстың құжаттары мен материалдарының сақталуын қамтамасыз етеді. 3-параграф. Конкурстық құжаттамасын қалыптастыру және бекіту 24. Конкурстық құжаттама ТЖҚ-ны сатып алудың талаптары мен шарттары туралы әлеуетті жеткізушілерді хабардар етуге арналған. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс беруші әзірлейді және бекітеді. 25. Конкурстық құжаттамада мынадай талаптар көрсетіледі: 1) ашық конкурс тәсілімен сатып алудың нысанасы (ашық конкурс нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атаулары мен нөмірлері); 2) әлеуетті жеткізуші өзінің біліктілік талаптарының растау үшін ұсынатын осы Қағидалардың 40-тармағының 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың тізбесі; 3) тапсырыс берушінің атауы (заңды адам үшін), тегі, аты, әкесінің аты (жеке адам үшін), заңды және нақты мекенжайы; 4) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, ал қажет болған жағдайда, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды көрсете отырып, сатып алынатын ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану және өзге де сипаттамаларын сипаттай отырып, әр лот бойынша техникалық ерекшелік, сондай-ақ ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі; 5) конкурстық баға ұсынысын қалыптастырудың тәртібі, оның ішінде сатып алынатын ТЖҚ бағасынан басқа, қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) есепке алмағанда, оларды тасымалдау, сақтандыру, кедендік баждарды, салықтарды алымдарды төлеу шығыстарын, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды шығыстар лотына қосу; 6) төлем шарттары; 7) әрбір лот бойынша сатып алынатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі; 8) әрбір лот бойынша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету орындары; 9) шартты жасаған күннен бастап әрбір лот бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың немесе қызметтерді көрсетудің мерзімдері; 10) конкурстық өтінімдерді ұсынудың басталу мен аяқталу уақыты, олардың қолданылу мерзімі; 11) конкурстық өтінімдерді ашу күні мен уақыты; 12) елеулі талаптары мен қорытындылар шығарылған күннен бастап шарттың мерзімі көрсетілген шарттың жобасы; 13) Заңның 78-бабының 2-тармағында көзделген тиісті критерийге сәйкес келетін тапсырыс берушінің шартты жеңілдіктер ұсыну туралы міндеттемесі және әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасын есептеу үшін осы Қағидалардың 42-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі; 14) конкурстық өтінімнің мазмұнына және оны ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай ақ әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерінің ең аз қолданылу мерзімі; 15) әлеуетті жеткізушілерге конкурстық құжаттама бойынша түсіндірулерге сұрау салуға болатын тәсілдер; 16) әлеуетті жеткізушілер жүгіне алатын тапсырыс берушінің уәкілетті адамдарының электрондық почтасының мекенжайы мен телефон нөмірлері; 17) конкурстық өтінімді және (немесе) сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізудің көлемі (егер конкурстық құжаттамада конкурстық өтінімді қамтамасыз ету және (немесе) сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету көзделсе); 18) әрбір лот бойынша ҚҚС-ты есепке алмағанда ашық конкурстың нысанасы болып табылатын ТЖҚ-ны сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер; 19) осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес тапсырыс берушінің ТЖҚ-ны сатып алу бойынша ашық конкурсты өткізуден бас тартудың мерзімдері мен тәртібі туралы мәліметтер; 20) жұмыстарды орындау шартын орындау кезінде осы Қағидаларды сақтау туралы жер қойнауын пайдаланушының әлеуетті жеткізушіге (мердігерге) қоятын міндетті талабы (әлеуетті жеткізуші мердігерлік жұмыстарды сатып алған жағдайда); 21) сатып алынған тауарлардағы немесе жұмыстардағы немесе көрсетілген қызметтердегі әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) жергілікті қамту бойынша ең аз талаптар; 22) Заңның 19 бабының 22)-тармақшасына сәйкес бекітілетін Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртібі бойынша жергілікті қамту бойынша есептілікті өткізу туралы әлеуетті жеткізушіге қойылатын талап; 23) есептерде көрсетілген ақпараттың мазмұны, есептіліктерді ұсыну мерзімдерінің бұзылуы және әлеуетті жеткізушілердің жергілікті қамту бойынша міндеттемелерін сақтамағаны үшін жауапкершілік. Тапсырыс беруші конкурстық құжаттама шарттарында әлеуетті жеткізушіде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйым сертификаттаған мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің (сертификатталған жүйелердің) болуын растайтын құжаттарды ұсыну туралы талаптарды көрсетуге болады. Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада да ашық конкурс тәсілімен сатып алудың жеңімпазына әрбір лот бойынша жеке конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсыну туралы талаптарды белгілеуіне жол беріледі. Бұл құжатты ашық конкурс жеңімпазы шартқа қол қою мерзімі аяқталғанға дейін ұсынады. Жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ осындай қызмет түрлерімен айналысуға лицензияның болуын талап ететін қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін сатып алу кезінде тапсырыс берушіге әлеуетті жеткізушіде сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында және (немесе) белгілі бір салада жұмыс тәжірибесінің болуын көздейтін, әлеуетті жеткізуші тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен кем түспейтін шарт сомасына жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсетіп жүрген ұйымдардың атынан кепілдеме хаттардың немесе оң пікірлердің сканерден өткізілген көшірмелерімен расталған, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау-беруді растайтын жүкқұжаттардың, тиісті актілердің сканерден өткізілген көшірмелерін қоса бере отырып, біліктілік талаптарын белгілеуге жол беріледі. Бұл ретте жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласында 5 (бес) жылдан асатын жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талап белгілеуге жол берілмейді. Тапсырыс берушіге конкурстық құжаттамада тауарлардың өндірушісі берген әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттамада белгіленген көлемде және сапада тауарды жеткізу туралы ашық конкурс шарттарын орындау мүмкіндігі бар екенін растайтын хатты ұсыну туралы талапты белгілеуге жол беріледі. 26. Конкурстық құжаттамада жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде сатып алуды жүзеге асырудың мынадай жағдайларын қоспағанда, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы үлгілерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығу орнының атауы мен өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын ТЖҚ-ның жеке әлеуетті жеткізушіге және (немесе) сатып алынатын тауар өндірушісіне тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелердің мазмұнын көрсетуге жол берілмейді: 1) тапсырыс берушіде бар жабдықты жете жинақтау, жаңғырту, жөндеу және жете жарақтандыру үшін; 2) тауарды лизингке ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің жеткізушісін айқындау және лизинг нысанасын егжей-тегжейлі сипаттаудың қажеттілігін туындату үшін. 27. Тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, бекітілген конкурстық құжаттаманы тапсырыс беруші жүйеде орналастырады. Ашық конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жеткізушілер әрбір лот бойынша конкурстық құжаттаманы және техникалық ерекшелікті жүктейді (көшіріп алады). Ашық конкурс лотына осы лот бойынша конкурстық құжаттаманы және техникалық ерекшелікті жүктемеген (көшіріп алмаған) әлеуетті жеткізушінің қатысуына жол берілмейді. Әрбір лот бойынша конкурстық құжаттаманың және техникалық ерекшеліктің көшірмесін ұсыну (тізілімнен алу) фактісі тізілімде автоматты түрде тіркеледі. 28. Конкурстық құжаттаманы ашық конкурсты өткізу туралы хабарландырудың мәтіні жарияланғанға дейін ұсынуға жол берілмейді. 29. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен тапсырыс берушіге жүгінуге оны жүйеде орналастыру арқылы жол беріледі, бірақ ол конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейінгі күнтізбелік бес күннен кешіктірілмеуі тиіс. Тапсырыс беруші сұрау салу тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпестен, түсіндіруді тізілімде орналастырады. 30. Тапсырыс берушіге осы Қағидалардың 25-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді қоспағанда, конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды конкурстық өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізуге жол беріледі. Өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманы қайтадан бекітуі тиіс және тапсырыс беруші конкурстық өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімін әлеуетті жеткізушілер бұл өзгерістерді конкурстық өтінімдерде ескеруі үшін кемінде бес жұмыс күні мерзіміне ұзартылады. Тапсырыс беруші енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар ескерілген конкурстық құжаттаманың көшірмесін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік бір күннен кешіктірмей барлық әлеуетті жеткізушілерге оны тізілімде орналастыру арқылы ұсынады. Конкурстық өтінімді ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы ақпарат жүйеде орналастырылуы тиіс. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың мерзімін ұзартудың негіздемесі конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың енгізілуі болып табылады. Осы тармаққа сәйкес тапсырыс берушінің ТЖҚ-ны сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты ашық конкурс тәсілімен сатып алудың нысанасы болып табылатын, осы ТЖҚ-ның кейбір лоттарын алып тастау осы Қағидалардың 25-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерге өзгерістер енгізу деп саналмайды. 4-параграф. Ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы жүйеде орналастыру, сондай-ақ ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыруды мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру 31. Ашық конкурсты өткізген кезде тапсырыс берушінің уәкілеттік берген адамы ашық конкурс өткізу туралы хабарламаны мемлекеттік және орыс тілдерінде жүйеде және тізілімнің барлық қолданушыларға, оның ішінде тізілімде тіркелмеген қолданушыларға рұқсат етілген бөлігінде орналастырып, тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын қойылады. Сатып алуды өткізу және олардың қорытындылары туралы хабарландыру да Заңның 77 бабының 4-тармағына сәйкес мерзімді баспа басылымдарында жариялануға тиіс. 32. Көмірсутекті шикізаттарға арналған келісімшарттар бойынша ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыру: 1) егер әрбір лот бойынша сатып алынатын тауардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің жалпы көлемі құндық көрінісінде тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткішке тең немесе одан аспайтын болса, конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын орналастырылады. 2) егер әрбір лот бойынша сатып алынатын тауардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің жалпы көлемі құн­дық көрінісінде тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, конкурс­тық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын орналастырылады. 33. Қайталама ашық конкурс өткізілген жағдайда: 1) егер әрбір лот бойынша сатып алынатын тауардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің жалпы көлемі құндық көрінісінде тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткішке тең немесе одан аспайтын болса, конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кемінде күнтізбелік жеті күн бұрын; 2) егер әрбір лот бойынша сатып алынатын тауардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің жалпы көлемі құн­дық көрінісінде тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, конкурс­тық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын орналастырылады. Қатты пайдалы қазбаларға, жерасты суларына, емдік балшықтарға, ағынды суларды лақтыруға арналған жер қойнауын барлауға, барлау және (немесе) игеруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыру конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын орналастырылады. Қайталама ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыру конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кемінде күнтізбелік жеті күн бұрын орналастырылады. 34. Жүйеде орналастырылатын ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліме
Соңғы жаңалықтар

Жетісудың Қызылтас аумағында экоакция өтті

«Таза Қазақстан» • 03 Қазан, 2024

Ринат Заитов: Төл өнерге төр керек

Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Жоғарғы Сот судьясы сайланды

Сенат • 03 Қазан, 2024

Бітімгер әйелдердің саны артады

Әйел әлемі • 03 Қазан, 2024