18 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы  №330

345 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2016 жылғы 27 сәуір, Астана қаласы Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын: Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурс­тар департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күннің ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 18 нау­рыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі №330 бұйрығына қосымша Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Р/с № Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары Бөлінген орындардың жалпы саны Білім деңгейі бойынша бөлінген орындар саны Кәсіптік жоғарғы білімі бар мамандар Кәсіптік орта білімі бар мамандар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ҚД БА БА 2 ай 4 ай 5 ай 1 апта 2 апта 4 апта 1 апта 2 апта 1. Астана медицина университеті 14 337 200 627 80 1898 4606 3127 799 3000 Барлығы 14 337 200 627 80 1898 4606 3127 799 3000 Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу: ҚД – қайта даярлау БЖ – біліктілігін арттыру Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13738 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар