18 Маусым, 2016

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің нормативтік қаулысы  №1-НҚ 

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2016 жылғы 25 қаңтар, Астана қаласы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) қаулы етеді: 1. Мыналардың: 1) «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы №4-НП нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7189 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 8 қазанда № 486-487 (26879) жарияланған); 2) «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 4-НП нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 2-НП нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8452 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 22 мамырда № 131 (28070) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы нормативтік қаулыға қол қойылған күннен бастап бір апта мерзімде оның көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін. 4. Осы нормативтік қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің Төрағасы Қ.ЖАҢБЫРШИН