18 Маусым, 2016

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің нормативтік қаулысы  №7-НҚ

344 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
2016 жылғы 8 сәуір, Астана қаласы «Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 12-бабы 4-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12459 тіркелген, 2015 жылы 30 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларында: 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «Бірыңғай дерекқор басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған Есеп комитетінің ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – Есеп комитетінің ИАЖ) негізінде қалыптасады. 5. Бірыңғай дерекқорға мәліметтер беруді мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдар және ведомстволық немесе мемлекеттік статистиканы қалыптастыратын өзге де ақпарат жеткізушілер (бұдан әрі – ақпарат жеткізушілер) жүзеге асырады.»; 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1) тәуекелдерді басқару жүйесіне енгізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері; 2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесі; 3) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері, соның ішінде сапа бақылауы нәтижелері; 4) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудиттің нәтижелері; 5) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептер; 6) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсетін түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары; 7) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары; 8) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары; 9) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында көзделген, бекітілген қаржылық есептілік, қосымшаларымен бірге; 10) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің аудиторлық есептілігі; 11) бюджеттік есептілік және бюджет кірістеріне байланысты есептілік; 12) мемлекеттік және ведомстволық статистиканың мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау қызметін жүргізуге қажетті деректері; 13) Есеп комитеті жүргізген мемлекеттік аудитті танудың қорытындылары. 9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпарат Бірыңғай дерекқорға орналастыру үшін Есеп комитетіне мынадай тәртіппен: 1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осы Қағидалардың 8-тармағының 1) - 3), 12) тармақшалары бойынша – бекітілгеннен (қалыптастырылғаннан) кейін он жұмыс күні ішінде; 2) Есеп комитеті осы Қағидалардың 8-тармағының 13) тармақшасы бойынша – тиісті қорытынды бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде; 3) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері осы Қағидалардың 8-тармағының 5) - 12) тармақшалары бойынша – бекітілгеннен (қалыптастырылғаннан) кейін бес жұмыс күні ішінде; 4) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдар осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасы бойынша – бекітілгеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде; 5) ведомстволық немесе мемлекеттік статистиканы қалыптастыратын өзге де ақпарат жеткізушілер осы Қағидалардың 8-тармағының 12) тармақшасы бойынша Есеп комитетінің сұрауы негізінде ол белгілеген мерзімдерде және (немесе) тиісті органмен бірлесіп айқындаған мерзімдерде ұсынылады. 10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар Есеп комитетіне олар енгізілген күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Бірыңғай дерекқорды қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының ақпараттық жүйелері арасындағы ақпарат алмасу Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы берген ақпараттық жүйені иеленушінің электрондық сандық қолын пайдалана отырып, электрондық хабарламалар арқылы жүзеге асырылады. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері Есеп комитетінің ИАЖ-мен интеграцияланғанға дейін ақпарат ұсыну электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, ал ол болмаған жағдайда – пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады. Ұсынылған ақпарат Есеп комитетінің сыртқы интернет-ресурсына мемлекеттік және орыс тілдерінде офистік форматтағы электрондық файлдарда орналастырылады.»; 14-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «ақпарат толық емес немесе тиісінше ресімделмеген не осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, ақпарат жеткізушінің электрондық мекенжайына Бірыңғай дерекқорға енгізуден уәжделген бас тарту жібереді.»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын техникалық құралдар техникалық реттеу және ақпараттандыру саласындағы заңнама алаптарына сәйкес келеді.». 2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін. 4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің Төрағасы Қ.ЖАҢБЫРШИН Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 4 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13682 болып енгізілді.