Бейнеу-Шалқар теміржолы құрылысы басталған кезеңде-ақ маңғыстаулықтар: «Алматыға дейінгі жол қысқаратын болды», деп қуанған еді. Алайда, теміржол құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенмен, жаңа жол бойымен әзірге жолаушылар тасымалдайтын пойыздардың жіберілмейтіндігі айтылған.
Маңғыстаулық жолаушылардың қуанатын да жөні бар. Өйткені, көршіміз Қызылорда облысы арқылы тікелей жетуге болатын Алматыға бару үшін, керісінше жолға шығуға тура келеді. Яғни, Атырау бағытына бет алып, Мақат стансасынан Ақтөбе облысының аумағына қарай бұрылып, Қандағаштан оңтүстікке қарай жүргенде, сызық бойымен айтсақ, бір қабырғасы жоқ төртбұрыш сынды артық жүріс жасап барып Шалқарға жететін. Бұл ұзақ жол, артық жүріс қақаған қыста да, аптап ыстықты жазда да жолаушылар үшін қолайлы болмағаны анық.
Биыл 6 шілдеден бастап жаңа жолмен жолаушылар пойызы жіберіліп, «Маңғыстау-Алматы» пойызы жолға шықпақ. Теміржол вокзалы анықтамасының мәліметінше, бұрынғы 74 сағат 17 минуттық жол енді 63 сағат 28 минут болып қысқарса, билет бағасы 1 мың теңгедей айырмашылыққа ие. Яғни, Маңғыстаудан Алматыға дейін купе вагон құны 11 097 теңге болса, плацкарт вагон үшін 7 095 теңге. Сондай-ақ, жалпы қашықтығы 3269 шақырымды құрап келген жол 471 шақырымға қысқаратын болады. Демек, жолаушылар діттеген жеріне бұрынғыдан 10 сағатқа ерте жетеді деп күтілуде.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09