Спорт • Бүгін, 12:52

Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербияда балалар мен жастар арасында өткен рапид шахматтан әлем біріншілігінде Қазақстан жастары топ жарды. 450-ден астам спортшы қатысқан жарыста қатысушылар 8, 10, 12 жасқа дейінгі және 18 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады

Фото: ашық дереккөз

Жарыста Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 11 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 5 алтын, 4 күміс және 2 қола бар. Әлем чемпионы атанғандар қатарында Алдияр Аңсат, Рамазан Төлеген, Аслан Ендібаев, Эльназ Қалиахмет және Аделина Нұрханқызы бар.

Саясат Нұрбек: Әр бала мектеп кезінен шахматты жетік меңгеруі тиіс

Осылайша жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орынды иеленіп, барлық жас санаттарында үздік ондыққа енді. Екінші орынға Ресей құрамасы тұрақтады. Осы нәтижемен Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы рапид шахматтан әлемдегі жетекші командалардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Шахматшы Қонжық» – заманауи ертегі

Нұрболат АМАНБЕК

 

Соңғы жаңалықтар