«Апат айтып келмейді» деген сөздің растығына күні кеше отырарлықтардың көзі тағы бір мәрте жетті. Маусым айының 14-і күні ауызашар мезгілінде сіркіреп басталған жаңбырдан көпшілік аса секем ала қойған жоқ.
Апта бойы тыныс тарылтқан аптап ыстықтан мезі болған адамдар салқын самал, жылы жаңбырдан жандары жадырап, жайдары күйде әңгімелесіп отырған-ды. Осы сәтте аспанды торлаған қою қара бұлтқа қарсы батыстан қатты жел көтерілген. Жай басталған желдің соңы алапат дауылға ұласып, бұлтқа бұлттың «соқтығысуынан» шақпақ ойнап, найзағай ұрып, айнала төңірек азан-қазан күйге түсті. Дастарқанын жинап үлгермеген жұртшылық үйлеріне қашып кіріп, есік-терезені қымтап, әліптің артын бағуға көшті.
Айналаны аламан тасырға айналдырған табиғаттың дүлей күші халықтың үрейін ұшырды. Сағатқа жуық соққан дауылдан соң, қатты жауған нөсер шатырларды тесіп, соңынан шифер, профностил жабындыларын қағаз құрлы көрмей, отыз-қырық метр жерге дейін ұшырып әкетті.
Қатты жел мен жауынның әсерінен электр желілері біріне-бірі айқасып, қысқа тұйықталудың кесірінен аудан жарықсыз қалды. Ертеңіне мәлім болғандай, көптеген электр бағаналары дүлей күшке төтеп бере алмай құлап жатты.
Шәуілдір ауылын қақ жарып өтетін Жібек жолы даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйлер мен М.Шойманов, Шытты ауылдарындағы мектептер және әлеуметтік нысандардан бөлек көптеген тұрғын-үйлер апат салдарынан қатты зардап шекті.
Осындай қиын сәтте Отырар аудандық мәслихатының депутаттары көмекке мұқтаж ауыл тұрғындарына алғашқылардың бірі болып қолұшын созуда. Халық қалаулылары зиян келген 55 үйге шифер жеткізіп, арнайы жасақ дайындап, оларға күнделікті ақысын өздері төлеп, шатырларын бүтіндеп берді.
Сондай-ақ, Жібек жолы бойындағы №15, 17, 20, 29 үйлерге де осындай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Дер кезінде жеткен көмекке ауыл тұрғындарының ризашылығы шексіз. Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлері де қарап қалмай, жер-жерде мүмкіндігінше көмек жұмыстарын жүргізуде.
Апат салдарын жою үшін кеше, бүгін аудан кәсіпкерлерінің көмегімен қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аудан әкімі Е.Айтаханов бас болып, арнайы штаб құрылған. Табиғи апаттың зардабын жою үшін отырарлықтар уақытпен санаспай жұмыс істеуде. Иә, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, табиғат әкелген шығынның орнын көпшілік болып қана толтыра аламыз. Осылайша, отырарлықтар мемлекет тарапынан берілетін көмекті күтпей-ақ қалпына келтіру жұмыстарын бастап та кетті.
Алмас АҚЫЛБЕК,
журналист

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09
Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26