18 Маусым, 2016

Әйелдер қауымы әділдік пен тұрақтылыққа үндейді

483 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Гүлшара ӘбдіқалықЕл тарихының ең шешуші сәт­­терінде әйелдер қауымы бо­ла­шақ ұрпақ үшін даналық танытып, Отан­ның тыныштығын, отбасының бірлі­гін сақтап келгені бел­гілі. Міне, Тараз тө­рін­де өткен «Әйелдер сыбайлас жемқорлыққа «Жоқ» дейді» атты республикалық кон­ферен­ция бүкіл әлем үшін өзек­ті мәсе­ле, ортақ проблеманың бірі­не айналып отырған сыбайлас жем­қор­лықпен күресте әйелдер қауымы­ның да атқарар рөлі өте зор екенін байқатты. Конференция жұмысына қа­­­тысқан Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мем­лекеттік хатшысы, Пре­зидент жанын­дағы Әйел­дер істері және отбасылық-демо­гра­фиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүл­шара Әбдіқалықова еліміздегі әйелдер қауы­мын сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыруға, аза­маттардың құқық­тық мәдениетін арт­тыруға бел­сенді түрде атсалысуға шақыр­ды. – Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор, – деді Гүлшара Наушақызы. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың конституциялық тәртіпті қорғау, осы салада тиімді жұмыс жүргізу, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту жөніндегі тапсырмасын орындау бүгінгі күннің басты міндеті болып табылады. Жемқорлықпен күресте ең алдымен бала тәрбиесі мен білім беру жүйесіне мән беру қажет. «Білім – әлемді өзгертуге күші жететін ең қуатты қару» деген екен бір кездері Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Мандела. Бүгінде еліміздегі білім саласы қызметкерлерінің 74,4 пайызын, мемлекеттік қызметкерлердің 55 пайызын әйелдер құрайды. Яғни, бұл мәселеде отбасының берекесі мен тыныштығын сақтаушы әйел қауымына жүктелер міндет өте зор. Сыйбайлас жемқорлық жұрттың адал еңбек пен терең білім алуға деген құштарлығын төмендетеді. Патронаждық қарым-қатынас бұл жегіқұрттың дамуына қолайлы орта жасап, басқару жүйесі мен мемлекеттік аппараттың корпоративті мәдениет сапасын күрт төмендетеді. – Сыбайлас жемқорлықтың тағы бір теріс салдары – қоғамда кикілжің, шиеленіс ошақтарын туындатуы, – деді бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб басқару комитетінің төрағасы Әлихан Байменов. – Егер мемлекеттік сатып алуларда және инвестициялар, қоғамдық игіліктер, мысалы, жер телімдері, пәтерлер, балабақша мен мектептердегі жариялылық, әділ және адал жолмен бөлінбей, «бармақ басты, көз қысты» арқылы шешілетін болса бұл әлеуметтік шиеленістерге негіз болатынын білеміз. Жемқорлық әйелдердің шынайы табиғатына жат. Шынында әйелдер ықылым заманнан бері өз үйлерін, ошақтарын тәртіпте, тазалықта, адалдықта ұстауға ұйытқы болған. Қай заманда болмасын әйелдер әділдік пен тұрақтылыққа ұмтылып, ұрпағының дамуына жағдай жасайды. Конференцияда, сондай-ақ, Грузия Мемлекеттік қызмет бюросы директорының орынбасары Майя Двалишвили, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиядағы сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Симона Мари баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі және бұл мәселедегі әйелдердің рөлі мен маңызына кеңінен тоқталды. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы