Мұхиттың арғы жағындағы Солтүстік Америкада жүріп, лаңкестік әрекетке қатысы бар деген айыппен 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған Азамат Тәжаяқов АҚШ абақтысында жазасын толық өтеп, елге оралды.
Кеше оны Алматы аэропортынан күтіп алуға ата-анасы, туған-туыстары мен достары келді. Ұлын көріп, бауырына басқан әкесі қуанышына ортақтасқан ел-жұртқа шексіз алғысын жеткізді.
– Отбасымыз үшін бүгін – ең бақытты күн. Мен Елбасына, еліміздің Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне және тілекші болған халқыма рахмет айтамын. Өйткені, ұлым 25 жылға сотталуы мүмкін еді. Алайда, аталған тұлғалар мен өкілетті органдар араласып, мерзімін қысқартты. Менің бүгін бақыттан басым айналып тұр, – деді Әмір Ысмағұлов.
Ал осыншама уақыттан кейін табаны туған жерге тиген Азамат: «Қазір жүрегім тоқтап қалардай болып тұр. Қатты соғып жатыр. Қуанышымда шек жоқ. Келіп күтіп алғандарыңызға рахмет. Әкем қоңырау шалып, жағдайымды біліп тұрды. Ол кісіге де алғысым шексіз. Үш жарым жыл болды Қазақстанда болмағаныма. Ет жеп демалып, қымыз ішіп жатқым келеді», – деді.
Бүгінде Отанына оралған қандасымыз АҚШ түрмесінде тіл үйренгенін айтты. Ол ағылшын, испан, қытай тілдерін жетік меңгеріпті.
– Мен енді Америкаға барып, оқуымды жалғастыра алмаймын. Сондықтан да ендігі мақсатым – Қытайда оқып, білім алу. Бірақ ең әуелі туған мекенім – Атырауға аттанамын. Ол жақта тынығып, демалып, ата-анамның қасында боламын, – дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ түрмесінде жатқан тағы бір отандасымыз Диас Қыдырбаевтың жазасын толық өтеуіне әлі 2 жыл бар.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09
Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26