Елордамыз бүгінде көркейіп, көз алдымызда сәулеті мен кескіні жарасқан алып шаһарға айналды. Сан түрлі құрылыс нысандарымен қатар, қала халқының саны да күн санап өсуде. Аймақ тұрғындарынан бөлек, жылдан-жылға бас шаһарымызға сан тараптан ағылатын қала қонақтарының келуі де едәуір жиілеген. Осыған орай, елорданың жол-көлік қозғалысына оң өзгерістер енгізіліп, қоғамдық көлік желілері жетіліп келеді.
Айтар болсақ, қала іші мен қала маңына жедел қатынайтын – «Express» автобустарының іске қосылуы қаланың қым-қуыт тірлігін жеңілдетуге ауқымды үлес қосуда. Аталған автобустар өткен жылдың тамызынан бастап, бірнеше бағыт бойынша өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде 101, 102, 103, 105 нөмірлі экспресс-маршруттары қала тұрғындарына күнделікті қызмет көрсетуде. Астана ішінде азаматтарды тасымалдау қызметін атқаратын қоғамдық көліктердің соңғы нұсқасы бұрынғысына қарағанда, бірқатар өзгешеліктерімен көзге түседі. Аялдама санының шектеулілігі, яғни белгіленген бірнеше аялдамаларға ғана қызмет көрсететін экспресс-маршруттар уақыт жағынан тұрғындар үшін өте тиімді болып тұр. Әрі қатынау қашықтығын жеңілдетіп, азаматтардың бір ғана көлікпен діттеген жеріне жетуіне мүмкіндік мол.
Мысалы, 101 нөмірлі экспресс-маршруты Аудандық аурухана мен «Жағалау» тұрғын үй кешені аралығына қатынаса, 102 нөмірлі маршрут «Көктал-2» аймағы мен Клиникалық оңалту кешені арасын жалғайды. Ал «Шарын» базары мен «Қараөткел-2» аумағын қамтитын 103 нөмірлі қоғамдық көлік көптің сұранысын қанағаттандырып келеді. «Жібек жолы» ауылы мен «Бал бала» балабақшасына жол жүретін 105 экпресс көлігі жас пен кәрінің қажетіне жарап-ақ тұр.
Сонымен қатар, қаланың біраз бөлігін қамтып отырған «Express» қоғамдық көліктері ерекше дизайнымен қатар, жүйітки жөнелетін жоғары жылдамдығымен жолаушылардың көңілінен шығуда. Тасымал көлігі ретіндегі автобустар арнайы желдеткіштермен жабдықталған. Және де әлеуметтік желілерді тегін пайдалануға арналған — «Wi-fi» құрылғысы да қондырылыпты. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен арнайы көмек көрсетілетін тұрғындарға жеңілдік қарастырылған.
Дегенмен, сапасына қарай бағасының қымбат екендігін ескере кеткен жөн. Әдетте, елорда аумағында діттеген аялдамаңызға жетіп бару үшін белгіленген 90 теңге төлейтін болсаңыз, «Express» маршрутына отырғаныңыз үшін 150 теңге шығын шығаруыңыз қажет. Не де болса, қарапайым халық үшін қалта көтерерлік баға емес екендігі ақиқат. Десек те, жұртшылықтың көңілінен шығып жатқан жаңа қоғамдық көліктердің іші адамға толы.
– Осы экспресс-автобустар іске қосылғалы бері, уақытты тиімді пайдаланудамыз. Алғашқыда, жолақы құнының қымбаттығына қамығатын едік, енді уақыт жағынан ұтымдылығы көңілге қонымды болып тұр, – дейді қала тұрғыны Мейрамгүл Нұртаева. Оған себеп, белгілі бағытта екі автобуспен жүріп, екі шығын шығарғанша, бір рет төлеп, бір көлікпен жүрудің тиімділігі болса керек. Алдағы уақыттарда экспресс-автобустардың саны артып, электронды ақы төлеу жүйесіне көшу мақсаты көзделіп отыр. Бұл Астана шаһарының жолаушыларды тасымалдау жүйесіндегі елеулі жаңалықтың бірі болмақ.
Арайлым ТАСТЕМІР,
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 2-курс студенті

Ақтөбеде лицензиясыз ломбард 93 миллион теңге заңсыз табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26
Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:23
Ипотекалық нарық кеңейтілді: Коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Бірегей оқу орнының тәжірибесі мен даму келешегі
Білім • Бүгін, 11:00
Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды
Энергетика • Бүгін, 10:54
Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салған азамат жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 10:44
«Алтыналмас» акциялары AIX биржасында саудаға шықты
Экономика • Бүгін, 10:37
Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
Тұлға • Бүгін, 10:32
18 сәуірден бастап Меккеге кіру шектеледі: Жаңа талаптар жарияланды
Қоғам • Бүгін, 10:27
ЕҰУ жастары «Таза Қазақстан» акциясында белсенділік көрсетті
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 10:20
АҚШ-тың Луизиана штатында болған атыстан 8 бала көз жұмды
Әлем • Бүгін, 10:15