18 Маусым, 2016

Жаңа зауыт ашылды

444 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Сотрудники Ипек Кагыт Централ Азия-17-06Жақында Астана қаласында «Ипек Кагыт Централ Азия» түрік компаниясы гигиеналық қағаз өнімдерін шығаратын жаңа зауыт ашты. Ірі өндіріс ошағының ашылуы елімізде жұмыс істеп жатқан ірі түрік инвесторы – Ipek Kagit компаниясының Қазақстандағы қызметіне 10 жыл толғанына орайластырылып отыр. Елорданың қарқынды даму үрдісінде инвестицияға бірінші кезекте басымдық беріліп отыр­ған­дығы заңды. Қала экономикасына тартылған бұл инвестициялар аз уақыттың ішінде Астананың өзін-өзі толық қамтамасыз ететін еліміздегі санаулы қалалардың қатарына кіруге мүмкіндік берді. Бас қаланың өндірістік нысандарының қатарына қосылған жаңа зауыт та осы ретте өзіндік үлесімен танылуы тиіс. Жалпы ауданы 50 000 шар­шы метрді құрайтын жаңа зауыт­тың құны 14 миллион дол­ларды құраған. Жобаны «ДАМУ» КДҚ» АҚ-тың шағын және орта бизнес субъекті­лерін қолдау­ға ар­нал­ған мемле­кет­тік бағдар­лама­сы­ның белсенді қатысушысы – «Қазинвестбанк» АҚ қаржылан­дыр­ды. Өндірістік қуаты жылына 17000 тонна гигиеналық қағаз өнім­дерін шығаруға арналған жаңа зауыт «Астана – жаңа қала» ар­найы экономикалық айма­ғын­да орналасқан. Жұмысын енді бас­тайтын өндіріс орнында елор­да­лықтарға арналған жаңа жұмыс орындары ашылуда. Жаңа зауыттың ашылу сал­та­натына Түрік Республика­сы­ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык және Eczacıbaşı Holding Co ком­па­ниясының атқарушы вице-президенті Хакан Уянык қатысты. Бұл өндіріс орталығының өнімдері таяу шетелдерге, оның ішінде Ресейге экспортталатын болады. «Біз Қазақстандағы 10 жыл­д­ық қызметімізді ең заманауи зауыт­тың ашылуымен атап өтіп отыр­ғанымызға қуаныштымыз. Жоғары сапалы өнімнің және Selpak брендіне инвестиция құю­дың ар­қасында біз Қазақстан нары­ғын­дағы көшбасшыға айнал­дық.  Бүгінгі таңда біз бүкіл өңірдегі көшбасшы болу­ды көздеп отырмыз. Жаңа зауыты­мыз­дың өн­дірістік қуатын екі есеге арт­тыру бізге осы мақсатқа жетіп, ком­па­ния­мыз­дың Орталық Азия аума­ғын­да­ғы қызметін кеңейтуге мүмкін­дік бер­мек», – деп атап өтті Хакан Уянык. Зауыттың ашылу салтанатында қонақтар мен журналистер компа­ния­ның Қазақстандағы қызметімен танысуға мүмкіндік алды. Осы ретте айта кететін болсақ, Ipek Kagit компаниясы – санитарлық-гигие­налық мақсаттағы қағаз өнім­дерін, атап айтқанда, Selpak, Silen, Servis, Selpak Professional және Marathon секілді сауда белгілерін шығаратын  ең ірі түрік өндірісі болып табылады. Компания Eczacibaşı Group түрік компаниялар тобының құрамына кіреді. Ком­па­нияның бренд­тері әлемнің 60-тан аса елінде сауда­лануда, сондай-ақ, қағаздан жасалған гигиеналық өнімдердің ішіндегі ең танымал әрі көпшіліктің көңілінен шыққан бірінші орындағы сауда белгілері саналады. Орталық Азияда жұмыс жүргізу мақсатында 2006 жылы «Ипек Кагыт Централ Азия» компаниясының негізі қалан­ды, қазіргі таңда ол – ТМД аума­ғын­дағы қағаз өңдейтін ең ірі зама­науи зауыттардың бірі болып отыр. Ұлан САНЖАР Суретте: зауыттың ашылу салтанатынан көрініс