18 Маусым, 2016

Елордалық әжейдің ақ тілеуі

328 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Бакынеме апай- 2Елордадан арнайы жұмыс іздеп келушілер саны күннен-күнге көбеюде. Олардың алаңсыз еңбек етіп, Отаны үшін адал қызмет жасауына қол ұшын берген қарияларымыз, балалары­ның жанында қара­шаңырақтың отанасы болып, жастарға көмекте­сіп отыратын асыл аналарымыз қанша ма?! Осы асыл аналар­­дың ішін­де өзіме жақын жаны жай­­саң, көңілі ашық аяулы әже Бақыттіле Есімқызы Сейсен­баева­ның ел­орда туралы ай­татын шы­найы пікірлері көңіл толқыта­ды. Елі­міздің ертеңінің еңселі болуын күніне мың мәрте тілейтін қазына қарияның ақ ниетін осы шағын лебізінен айқын көруге болады. «Астана елордамыз бол­­ға­нына ризамыз. Н.Назар­баевтың арқасында қала­­мыз үлкен ша­һар­ға айналды. Күннен-күнге әдемі ғи­ма­раттар бой көтеріп, қа­ла­­мыз жасыл желекке орануда. Бәрі Елбасының еңбегі. Зейнетақыны дер кезінде алып отырамыз. Дәрі-дәрмегімізді де тегін беріп жатыр. Осында келгелі 10 жыл болды. Үйдегі ақсақал қайтқан соң, балаларым осында алып келді. Қазір балаларымның жанындамын. Астананың бар­лық мәртебелі жерлеріне мереке күндері апарып тұрады. Ризамын, – деді аяу­лы әже ағы­нан жарылып. – «Өзім Ұлы Отан соғысының басталар тұсынан, бір жыл бұрын Ақмола облысының Степняк ауылында тудым. Балдәурен балалық шағымыз болмады десе де болады. Сұм соғыс қиян кес­кі заманның дәмін де татқызды ғой. Тағдырдың жазуымен қыр­шынынан қиылған балалар, бауырлар із-түзсіз де жоғалды. Әкем де солардың қамытын киді. Әкемнің бейнесі жадымда жоқ. Маған Бақыттіле деген есімді әкем арнайы қойдырған екен. Қырғын соғыста аман-сау келуіме Бақыттіле болады, аман-сау келмесем, онда өз бақытын өзі тілесін деп армандағы қиялын өзімен бірге ала кеткен еді», деп. Кейін әкемнің артынан қара қағаз келді. Анам қара қағаз келді деп қарап отырмады, балаларды өсіру керек, барлығымызды бейбіт күнге аман-есен жеткізді. Әкем әулие екен. Бүгінгі егемен еліміздің жұртына, жасампаз жас­тарына бақыт тілейтін ана болсын деп, атымды сол кезеңде-ақ Бақыттіле қойыпты». «Осыдан 18 жыл бұрын­ғы Астана қандай еді? Қазір қан­дай? Бұл өркениетті еліміз­дің дарқан болашағын сонау алыс­тан болжаған Елбасымыз­дың қырағылы, білімдарлы­ғы, мықты саясаткерлігі дер едім. Бізге тәуелсіздік жемісі, жеңісі оңай келген жоқ. Осында тұрып жатқан әр қазақ жердің, елдің қадірін біледі. Білгеннен кейін Қазақстанымыз бейбіт өмірде. Осы жемісті біз тарыдай шашып алмауымыз керек. Қазақстанымыздың гүлдей жайнай беруіне біз де бар күшіміз­ді салуымыз керек. Бүгін­гі тол­қын өскелең ұрпаққа тілерім: Білімді болыңдар! Жігерлі, қай­ратты, намысты қолдан бер­мейтін, алысқа қанат қағып сер­мейтін Қазақстанымыздың мақ­­таулы тұлғалары болыңдар!». Осылай тебіреніп ақ тілегін ар­на­ған анамыздың жүзінен нұр, жүре­гінен толқыған мейірім ізін көрдім. Жастарға ұлағат болар, осындай асыл аналарымыздың қатары көп болса екен, лайым!.. Ақ лебізді жазып алған Еуразия гуманитарлық институтының студенті Айым БОЛАТҚЫЗЫ
Соңғы жаңалықтар

Жетісудың Қызылтас аумағында экоакция өтті

«Таза Қазақстан» • 03 Қазан, 2024

Ринат Заитов: Төл өнерге төр керек

Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Жоғарғы Сот судьясы сайланды

Сенат • 03 Қазан, 2024

Бітімгер әйелдердің саны артады

Әйел әлемі • 03 Қазан, 2024