18 Маусым, 2016

Германия сыртқы істер министрі НАТО жаттығуын сынға алды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-06-16-shtainmaier

Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер НАТО-ның Балтық елдері территориясында өткізіп жатқан Saber Strike халықаралық жаттығуларын сынға алды. Неміс мемлекеті сыртқы ведомствосының басшысы Bild am Sonntag газетіне берген сұхбатында Батыс үшін Ресеймен жақсы қарым-қатынаста болудың мәні зор екенін атап өтті. Ресей Федерациясымен текетіреске түскеннен гөрі ынтымақта болғанның бәріміз үшін пайдасы зор, деп санайды ол. «Біздің қазіргі таңда жасауға болмайтын тірлігіміз – қару-жарақты қайта-қайта жарқылдатып, соғыс ұранын дабылдатып, жағдайды бұрынғыдан бетер ушықтыра түспеу», деді дипломат. Ол сонымен қатар альянстың шығыс шекарада «танкілер шеруін» жасауы қауіпсіздікті күшейте түспейтінін айтты. Штайнмайердің атап өтуінше, қорқытып-үркіту саясатымен қауіпсіздікті қалыптастырудың берік іргетасын ешкім де жасай алмайды. Оның пікірінше, Ресейді міндетті түрде «халықаралық әріптестік жауапкершілікке тарту керек». Атап өте кетейік, Saber Strike оқу-жаттығуы қазіргі күндері Балтық жағалауы елдерінде өтіп жатыр. Оған НАТО мен Солтүстік Атлант альясына әріптес 13 елден 10 мыңға жуық әскери қызметкер қатысуда. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, фото: politonline.ru.