18 Маусым, 2016

Футбол. Америка Кубогы. АҚШ пен Колумбия 1/2 финалға шықты

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18.06.2016 AST АҚШ-та футболдан өтіп жатқан Америка Кубогы турнирінің ширек финалдық кездесулері басталды. Онда алғашқы болып жасыл алаңға АҚШ пен Эквадор және Колумбия мен Перу құрамалары кездесті. Бұл матчтарда қарсыластар алаңда аянып қалмай, жеңіске жету үшін соңына дейін ойнады.  АҚШ пен Эквадор арасында өткен кездесуде алаң иелері әрең дегенде 2:1 есебімен ұтты. АҚШ – Эквадор 2:1 (1:0) Голдар: Демпси 22’ – 1:0, Зарде 65’ – 2:0, Арройо 74’ – 2:1 АҚШ: Гузан, Беслер, Кэмерон, Брукс, Джонсон, Бедойя (Зуси 81’), Брэдли, Джонс, Вуд, Демпси (Бекерман 75’), Зарде (Бирнбом 90’). Эквадор: Домингес, Паредес Хуан (Айови 82’), Мина, Эрасо, Айови, Нобоа (Гайбор 62’), Груэсо (Рамирес 72’), Валенсия, Арройо, Монтеро, Валенсия. Ескерту алғандар: Вуд 53’, Бедойя 73’, Гузан 84’ — Валенсия 38’, Пареде Хуан 64’ Алаңнан қуылғандар: Джонс 52’, Валенсия 52’ Төреші: Ролдан Вилмар. 17 маусым.  "СэнчуриЛинк Филд" стадионы (Сиэттл). 18.06.2015 AST-1 Ал Колумбия мен Перу ойынында матчтың тағдырын 11-метрлік пенальти сериясы шешті. Бұл кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Ал пенальтиде колумбиялықтар 4:2 есебімен жеңді. Перу – Колумбия – 0:0 (0:0) пен. 2:4 Пенальти сериясы: Родригес - 0:1, Руидиас - 1:1, Куадрадо - 1:2, Тапия - 2:2, Морено - 2:3, Трауко - 2:3 (допты қақпашы ұстады), Перес - 2:4, Куэвас - 2:4 (доп қақпаның жанынан кетті) Перу: Гальесе, Корсо, Рамос, Родригес, Трауко, Тапия, Вильчес, Поло Энди (Бенавенте 81’), Куэвас, Флорес (Руидиас 77’), Герреро. Колумбия: Оспина, Ариас, Сапата, Мурильо, Диас (Фабра 90’) Карлос, Торрес (Перес, 80), Куадрадо (Фабра 90’), Родригес, Кардона (Морено 76’), Бакка, Ескерту алғандар: Тапия 63’ — Сапата 66’, Диас 70’ Төреші: Лоустау Патрисио. 18 маусым.  «Метлайф-стэдиум» стадионы (Ист-Ратерфорд). Дастан Кенжалин. Фото: szaopressa.com Видео: vk.com  
Соңғы жаңалықтар

Жетісудың Қызылтас аумағында экоакция өтті

«Таза Қазақстан» • 03 Қазан, 2024

Ринат Заитов: Төл өнерге төр керек

Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Жоғарғы Сот судьясы сайланды

Сенат • 03 Қазан, 2024

Бітімгер әйелдердің саны артады

Әйел әлемі • 03 Қазан, 2024