19 Маусым, 2016

«Еуро-2016». Португалия тағы да тең ойнады (видео)

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
160619-portugal Футболдан Еуропа чемпионатының F тобында өнер көрсететін Португалия мен Австрия құрамалары Париж қаласында кездесті. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Португалия – Австрия 0:0 Стадион: «Парк де Пренс» Төрешілер: Никола Риццоли, Эленито Ди Либераторе, Мауро Тоналини (бәрі – Италия), Александру Тудор (Румыния) Португалия: Руи Патрисиу, Виейринья, Пепе, Рикарду Карвалью, Рафаэль Геррейро, Виллиам Карвалью, Жоау Моутинью, Андре Гомиш (Эдер 84), Рикарду Куарежма (Жоау Мариу 71), Луиш Нани (Силва Бернарду 89), Криштиану Роналду Австрия: Роберт Альмер, Флориан Кляйн, Себастьян Предль, Мартин Хинтереггер, Кристиан Фухс, Юлиан Баумагартлингер, Штефан Ильзанкер (Кевин Виммер 87), Марсель Забитцер (Лукас Хинтерзер 85), Давид Алаба (Алессандро Шепф 65), Марко Арнаутович, Мартин Харник Ескерту алғандар: Рикарду Куарежма 31, Пепе 40 – Мартин Харник 47, Кристиан Фухс 60, Мартин Хинтереггер 78, Алессандро Шепф 86 Мүлт кеткен пенальти: Криштиану Роналду 79 Жанкүйерлер бұл жолы да Португалия құрамасы жеңіске жетеді деп ойлады. Алайда, Криштиану Роналду бастаған команда олардың сенімін ақтай алмады. Қанша жерден қауіпті шабуылдар ұйымдастырса да, Роберт Альмердің қақпасына гол соға алмады. Португалдардың бүгінгі кездесуде мүлдем жолы болмады. Матчтың 78-минутында Криштиану Роналдуға қарсы ойын тәртібі бұзылып, тіпті пенальти де белгіленді. Бірақ, 11-метрлік айып добын орындаудан сирек қателесетін Роналду бұл жолы мүлт кетті. Соққысы қақпаның бағанасына тиіп, үш ұпай алу мүмкіндігінен айрылды. Жолы болып, 85-минутта гол соғып еді, төреші оффсайдтан соқты деп есепке алмады. Өз кезегінде Австрия ойыншылары бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен, орталық қорғаныста өнер көрсеткен Пепе мен Рикарду Карвальюден айлаларын асыра алмады. Сол сияқты қақпашы Руи Патрисиу бірнеше соққыны қайтарып, қауіптің бетін қайтарып жатты. Ал Жоау Моутинью ерекше ойынымен көзге түсіп, кездесудің үздік ойыншысы атанды. Екі матчта екі ұпай алған Португалия қазір үшінші орында келеді, ал бір ұпайы бар Австрия әзірге соңғы төртінші орында. Қай команданың плей-офф кезеңіне өтетіні келесі турда белгілі болады. Аян Әбдуәли. Фото, видео: vk.com.
Соңғы жаңалықтар

Жетісудың Қызылтас аумағында экоакция өтті

«Таза Қазақстан» • 03 Қазан, 2024

Ринат Заитов: Төл өнерге төр керек

Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Жоғарғы Сот судьясы сайланды

Сенат • 03 Қазан, 2024

Бітімгер әйелдердің саны артады

Әйел әлемі • 03 Қазан, 2024