19 Маусым, 2016

Мұсылман қызының посты Facebook-ті дүр сілкіндірді

307 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

24-11-15-marva-1

Бұдан жарты жылдан астам уақыт бұрын, дәлірегі, 2015 жылғы 22 желтоқсан күні АҚШ-та тұратын Марва есімді мұсылман қыз президенттікке үміткер миллиардер Дональд Трамптың NBC News телеарнасы мұсылмандарға қатысты берген сұхбатында жасаған жанжалды мәлімдемесіне байланысты оған арнайы хат жазып, күллі әлемді дүр сілкіндірген еді. Хаттың әлеуметтік желілерде жарияланған мәтініне орай оған жүздеген мың адам пікір қосып, тақырыпты талқылаған болатын. Арада біраз уақыт өтіп кеткенімен, сол хат әлі өзінің мәні мен мазмұнын жойған жоқ. Ал содан бері біршама тыншып қалған Дональд қайтадан баяғы әніне баса бастады. Біз осы хаттың сол кезде ras.kz сайтында жарияланған нұсқасын көшіріп жариялағанды жөн көрдік. 24-11-15-marva-2 Президенттікте үміті бар адам Құрама Штаттарда тұратын мұсылмандар жөнінде мәліметтер базасы, сондай-ақ оларды «қадағалап отыратын басқа да жүйелер болуы керек» екенін сөз еткен. Басылым хабарлағандай, миллиардердің мәлімдемесі мұсылмандар қауымын қатты ашындырып жіберген. Олай болмағанда ше, Трамп мұсылмандарды арнайы картамен, өздерінің кім екенін және қай дінді ұстанатынын көрсететін куәлікпен жүрулері керек деп есептейді. Мұның өзі АҚШ мұсылмандарының елдегі екінші сұрыпты адамдар болып қалғандарын айғақтар еді. Осыны байқаған мұсылман қауымы бірден үміткерге қарсы шықты. Солардың арасында бір жас мұсылман қызының посты Трампқа қайтарған жауаптардың ең үздігі болып есептеліп отыр. Марва өз хатында былай дейді: «Құрметті @realdonaldtrump. Менің атым – Марва, мен де мұсылманмын. Мен сіз бізге ID-белгісін тағып қоймақшы болып жатыр деп естідім. Сол себепті мен олардың бірін өзіме таңдап алмақшымын. Ал сіз маған қарап, мұсылман екенімді оп-оңай біле қоймассыз, сондықтан мен өзімнің мұсылман екенімді байқататын төсбелгіні мақтанышпен тағып алған болар едім. Мен бейбітшілік белгісін таңдадым, себебі, менің Исламымның өзі тап осы ұғымды білдіреді. Мені әділетсіздікке қарсы шығып, бірлікке ұмтылуға үйреткен Ислам. Жазықсыз бір адамды өлтірудің бүкіл адамзат баласын өлтіргенмен бірдей болып табылатынын үйреткен Ислам. Сіз бізді қадағалап тұрады деп естідім. Тамаша! Сіз енді менімен бірге жергілікті мектептегі Cancer Awareness ұйымына немесе менің бақыт жасауға арналған жұмыс орныма келе аласыз. Сіздің сондай-ақ менің жергілікті мешітіме барып, онда үй-жайсыз жүргендерге қалай сэндвичтер мен бутербродтар, ауқат ішкісі келетіндердің бәріне тегін ас дайындалып жатқанын көруге де мүмкіндігіңіз бар. Сол кезде сіз менің мұсылман бола отырып, сізден бір де кем емес америкалық екенімді көресіз. Бәлкім, сіз менің ізіммен жүре берсеңіз, менің өзіңізден ешбір төмен адам емес екенімді де көрерсіз. Саламу алейкум (Сізге бейбітшілік тілеймін)». Хат бар-жоғы екі күннің ішінде 80 мың шейр жинаған. Ал кейінірек 5 миллионнан астам адам оқып шыққан. Талғат Райымбек.
Соңғы жаңалықтар

Жетісудың Қызылтас аумағында экоакция өтті

«Таза Қазақстан» • 03 Қазан, 2024

Ринат Заитов: Төл өнерге төр керек

Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Жоғарғы Сот судьясы сайланды

Сенат • 03 Қазан, 2024

Бітімгер әйелдердің саны артады

Әйел әлемі • 03 Қазан, 2024