21 Маусым, 2016

Мағыналы мазмұн, тартымды тақырып

446 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
BAL_8188Өткен аптада Ор­талық коммуникациялар қыз­метінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бас­қарма төраға­сының орынбасары Ербол Шор­манов бас­пасөз мәслихатын өткізіп, осы жыл­дың соң­ында халықаралық көр­меге қатысуын рас­та­­ған мемлекеттердің павильондары өздеріне тапсы­­рылатынын, соған орай бұл елдер жылдың соңы­нан бастап павильон­дарын толтыра бастай­тын­дықтарын хабар­лаған еді. Осыған байланысты ком­пания бас­қарма төрағасының орынбасарын әңгімеге тартып, көрме павильондарының тақы­рып­тық мазмұнмен толтырылуы туралы айтып беруін өтінген едік. Шорманов– Қазіргі уақытта Қазақстан па­вильонының тұжырымдамасы әзір­ленді және бекітілді. Саланың тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясы мұражайы» ретінде ұсынылады, – деп бастады әңгімесін басқарма төрағасы­ның орынбасары. – Қазақстан павильоны ғимаратының 7 қабатына «Болашақ энергиясы» тақырыбы жеке-жеке бөлінеді. Яғни әрбір қабат энергия түрінің белгілі бір түріне беріледі. Мәселен ғарыш, күн, биомассалар, жел, су энергиясы және кинетикалық энергия. Сегізінші қабат тұтастай «Астана – Болашақ қаласы 2050» экспозициясына арналады. 5000 шаршы метр ауданға Ұлттық павильон орналастырыла­ды, ол екі негізгі аймаққа бөлі­неді: Қазақстанмен танысу аймағы; «Жасампаздық энергия» аймағы. Павильонның бірін­ші бөлігінде Қазақстанның көз тартар табиғи ландшафты, мә­дениеті, тарихы, қазіргі уақыт тынысы және болашағы ұсы­ны­лады. «Жасампаздық энергия» аймағының контентін қа­лып­тастыру бойынша жұмыс Энер­гетика министрлігімен бірле­се жүргізілуде. Энергетика және қоршаған ортаны қор­ғау саласындағы отандық ғалым­дар­дың үздік жобаларын және Мемлекет басшысының бастамаларын, республика өңірлерінде іске асырылатын және сәтті іске асырылған «Жасыл экономика» жобалары және Токамак қазақстандық термоядролық реакторы үлгісін ұсыну жоспарлануда. – Көрме қалашығының тақы­­рып­тық павильон­дары­ның мазмұны туралы не айтасыз? – «Болашақ энергиясы» көр­месінің тақырыбын ашудың келесі учаскесі 2 тақырыптық павильон болады, оларды мазмұнды толтыру көрменің «Болашақ энер­гиясы» тақырыбымен жан-жақты үйлесім табуға тиіс. Егер басты павильонда, Қазақстан павильонында келушілер жаң­ғыр­тылған энергияның бар­лық түрлерімен танысатын болса, тақырыптық павильонға келушілерге энергия эволюциясы таныстырылады. Энергияның қазіргі кезеңі мен болашағын зерделеуге және түсінуге, ХХІ ғасырдың энергетикалық проблемаларын көруге, технологиялық және зияткерлік жетістікті, біздің планетаға әсер ететін энергияны тұтыну проблемаларын көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұйымдас­тыру­шылар көрменің басты мақсатына толық қол жет­кізу міндетін қоюда. Олар жауап­кершілікке шақырады, адам­дардың табиғатқа зиян келтіруді азайтып, планетада энергия тұтынуды жоспарлауды және бақылауды үйренуге үндейді. Көрменің тақырыптық маз­мұнында үздік тәжірибелер аймағы павильоны ерекше мәнге ие. Аталған павильон кәсіби қаты­сушылар және турист-келу­шілер үшін де көрменің көр­кіне айналады деп күтілуде. Мұнда жаңғыртылған энергия көздерін өндіру, сақтау және тасымалдау саласындағы әлем­дік 25-30 үздік тәжірибелер ұсы­ны­лады. Озық шешімдер мен технологиялар мынандай 5 негізгі санатта ұсынылады: Жаң­ғыртылған және балама энергия; энергиялық тиімділік; энергияны сақтау; энергияны тарату және тасымалдау; табиғи қорларды оңтайлы қолдану. Іріктеуді арнайы құрылған халықаралық іріктеу комитеті жүзеге асырады, оның құрамына бірнеше Нобель сыйлығы лауреаттары және әлемдік энергетика сала­сы­ның белгілі қайраткерлері мен көрнекті ғалым­дар кіреді. Бұл жұмысты Ұлттық компания халықаралық комитет хатшы­­лы­­ғы функцияларын өзіне ал­ған Назарбаев Университетпен ынты­мақ­тастықта жүргізеді. Тіркеу құжаттамасына сәй­кес ЭКСПО-2017 тақырып­тық мазмұны павильон шең­бері­нен шығып, көрме кешені­нің ашық аймақтарымен толық­тыры­луы тиіс. Қоғамдық аймақ­тар «Бола­шақ энергиясы» тұжы­рым­дамалық негіз­деріне арналады және ЭКСПО тақы­рыбын ашуды жалғастырады. Көр­меге келу­шілер үшін жайлы, рекреа­ция­лық аймақтар құру жоспар­лануда, онда олар демалып, ЭКСПО тақырыбы бойынша қосым­ша, қызықты ақпарат алады, сон­дай-ақ, қазақстандық және халық­аралық суретшілердің тақы­рыптық экспозициялары мен инс­талляцияларын және интерак­тивтік объектілерді көре алады. – Атқарылып жатқан ұйым­дас­тырушылық шаралардың өзі қыруар қаржы шығындауды қажет етеді. Осы ретте көрме жұмысына демеушілер тарту жайы қалай? – «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ әріптестер және демеушілер тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Тек қаржылық қолдау көрсететін компаниялар ғана емес, сондай-ақ, қызметтер түріне көмек көрсетуші компаниялар да демеуші бола алады. Бұл қоғам шығындарын қысқартуға көмектеседі, осылайша бюджетке жүктемені азайтады. Мұндай компаниялар қажетті материалдар, техниканы ұсынады, белгілі бір қызметтер көрсетеді. Қазірге дейін демеушілік қаржының жалпы мөлшері 111 млн. еуроны құрайтын ірі шетелдік, тран­сұлттық компаниялармен меморандумдар жасалған. – Көрменің мәдени бағдар­ла­масы туралы не айтасыз? – 2017 жылы Астана қаласы «Астана ЭКСПО-2017» халық­аралық маман­дандырылған көрмесінің ұйым­дастырушысы ретінде, ұлттық және әлем­дік мәдени ағымдарға сәйкес келе­тін, бірегей, әр алуан бағдар­лама ұсынылатын елдің мәде­ни өмірінің эпицентріне және әлем­дік ірі мәдениет алаң­дары­ның біріне айналады. Көр­менің мәдени-ойын-сауық бағдар­лама­сы ЭКСПО-2017 мазмұны­ның негізін­дегі «Болашақ энер­гиясы» тақыры­бына байланысты құрылған. Елордада өтетін халықаралық шараның ашылу және жабылу салтанаты, күн сайынғы шеру, кешкі шоу және басқа арнайы іс-шаралармен, көрме аумағындағы мәдени-ойын-сауық бағдарламасы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жетек­­шілігімен ұйымдас­тыры­­лады. Сонымен қатар, бағдар­лама Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе іске асыры­латын, академиялық, ұлттық өнер бағыт­тары бойынша іріктелген мәдени іс-шаралардан тұратын болады. – «Астана ЭКСПО-2017» ха­лық­аралық ма­ман­­дан­­ды­рылған көрмесіне қаты­су­шы елдер де өз тарап­тары­нан мәдени іс-шаралар ұйым­дастыратын болар. – Әрине, ЭКСПО-2017-ге қатысатын әрбір елге ұлттық күндер, мәдени іс-шаралар және шоу өткізу мүмкін­дігі ұсыны­лады. Ұлттық күндер ЭКСПО плазада өткізіледі деп күтілуде. Іс-шаралар халықаралық қаты­нас­тарға және мәдени алма­су­ға жәрдемдесетіндей ұйым­даст­ырылады. Ұлттық күндер бағдар­ламасына келесі рәсім­дерді қосу ұсынылуда: тойлау­шы елге құттық­тау сөздерін біл­діру, ұлттық туды көтеру және мем­лекеттік әнұрандарды орын­дау, ресми тұлғалардың сөз сөй­леуі, фотосессиялар, қонақ кітап­ша­лары­на жазбалар қалдыру. Қатысу­шы елдің мәдениетімен таныстыра­тын іс-шаралар бағдарламаның түйіні болмақ. Бұл ретте сол елдердің белгілі әртіс­терін және басқа өнер өкіл­дерін шақыру ұсынылуда. Осы­ған байланысты бұл іс-шара­лар форматына және ауқы­мына қарай Амфитеатрда, Энергия холлында, Конгресс орталы­ғында немесе Өнер орталығында өткізілуі мүмкін. Атап айтқанда, барлық іс-шаралар 6 алаңда шоғырландырылады: Конгресс-центр, Амфитеатр, Энергия холлы, Өнер орталығы, Ұл­т­тық күн сахнасы және Көрме ау­ма­ғы. Барлық алаңдар жо­ға­ры техникалық деңгейде жабд­ық­­та­лады, бұл соңғы технологияларды қолданумен бірегей және ойын-сауық көріністерін ұйым­дас­тыруға мүмкіндік береді. Көрме қа­ла­шығындағы концерттік алаң­дардағы іс-шаралардан басқа көрер­мендерге әлемге әйгілі Дю Солей циркінің көрі­ніс­терін көруге, Луна-саябағын ара­лауға жағдай жасалып, алыстан келген шетелдік қонақтарға қазақ халқының қолданбалы өнерімен, ұлттық ойындарымен және әдет-ғұрыптарымен, этно-қала­шық­тағы ұлттық ас мәзірімен танысуға мүмкіндік беріледі. Осы ретте ерекше ескеретін мәселе, халықаралық мамандан­дырылған ЭКСПО-2017 көрме­сі Қазақстан үшін маңыз­ды эко­номикалық және инфра­құры­лымдық жоба екендігі анық. Ең алдымен, көрменің «Болашақ энер­гиясы» тақырыбының маңыз­дылығын тілге тиек еткім келеді. Дүниежүзі бойынша дәстүрлі энергия көздерін пайдаланудан гөрі, баламалы энергия көздеріне басымдық таныту байқалады. Әлемдік дағдарыс­­тың тығырыққа тірегенінен кейін, дамы­ған елдер­дің көбі мемлекеттік деңгейде бағ­дар­­ламалар қабылдап, баламалы энер­гия­ көздерін табу мен пайдалану сала­сының дамуына жан-жақты үлес қосуы тегін емес. ЭКСПО-2017 көрмесіне 90 мем­лекет, 15 халықаралық ұйым қа­ты­сатындығын растады. Жалпы, жүзден аса мемлекет қа­тысады деп жоспарлануда. Ен­деше, жүзден аса мемлекет үздік технологиялары мен сала жетістіктерін көрме аясында ұйыстырады. Бұл Қазақстанның баламалы энергия көздерін пайдалануда әлемдік «хаб», яғни орталыққа айналуына үлкен мүмкіндік.  Әңгімелескен Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»  АСТАНА