Үш қарғып секіруден көптен бері Қазақстанның үкілеген үміті болып жүрген Ольга Рыпакова Лондон жерінде алтыннан алқа тағып оралғанда, оның алға қойған бір үлкен мақсатының орындалғанына бәріміздің көзіміз жетті. Бірақ жеңіл атлет сонымен бар биікті бағындырып болдым деп қарап отырмай, жанкешті жаттығуларын одан әрі жалғастыра берді. Альбион жеріндегі аламанға дейін 2010 жылы Катардың Доха қаласында өткен жабық манеждегі әлем чемпионатында бас жүлде алып, 2011 жылы Оңтүстік Кореяның Тэгу кентінде жалау желбіреткен жаһандық жарыста күміс жүлдеге қол созған, сондай-ақ, 2012 жылы түріктің Ыстанбұл шаһарында дүбірлеткен баспана ішіндегі ғаламдық сайыста екінші тұғырдан көрінген тарланымыз содан кейін де осындай айтулы сынақтардан сырт қалған жоқ.
Ольга Рыпакова 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында Азия ойындарында топ жарып, 2015 жылы Бейжіңде керуен керген әлем чемпионатында қола медальды қоржынға салды. Ал биыл «Гауһар лига» Гран-Приі жарысында алдымен күміс, сосын алтын медальдарды жеңіп алды. Осының бәрі біздің спортшының нағыз спорттық бабында келе жатқанын көрсетеді. Демек, Рио-де-Жанейродағы Ойындардан оның жүлдемен қайтатынына үміт артуымызға толық болады.
– Мен бастапқы кезде жеті сайыспен айналыстым. Уақыт өте келе бұл спорт түрімен айналысу, әсіресе, найза лақтыру, ядро лақтыру маған көптеген қиыншылықтар туғызды. Кейін мен өзімнің таңдауымды ұзындыққа секіруге ауыстырдым, бір жылдан кейін үш қарғып секірумен айналыса бастадым. Мүмкін табиғатым оған жақын шығар, мен қарғып секіру техникасын жылдам меңгердім. Бұл жерде ұзындыққа секірумен салыстырғанда, жылдамдықты қатты арттыру маңызды емес, мен дұрыс техниканың арқасында, бар жылдамдығымды сақтай аламын, – дейді спортшының өзі.
Біз оның осы артықшылықтарын бәсірелі бәсекелерде тиімді пайдалана алатынына сенгіміз келеді.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ

Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27
Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:12
Алматыда ер адам 11 қабатты үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 12:56
Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ерекше сыйлық жасады
Білім • Бүгін, 12:43
Қазақстандағы орташа жалақы деңгейі қандай?
Қаржы • Бүгін, 12:32
Мемлекет басшысы Черногория президентін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:28
Шығыс Қазақстанда танысын 3 жыл бойы бопсалаған күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:17
Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:11
Ұландықтар Геннадий Головкинді ерекше форматта құттықтады
Қоғам • Бүгін, 11:58
Университеттерге құжат қабылдау қашан басталады?
Университет • Бүгін, 11:55
1-сыныпқа қабылдау: Ата-аналар тұрақты тіркеу талап етілетініне шағымданды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Алматыда 400-ден аса заңсыз сауда нысаны сүрілді
Сауда • Бүгін, 11:40
Миллениал ата-ана, зумер бала: Қалай тіл табысамыз?
Қоғам • Бүгін, 11:30