Күні кешеге дейін шетелден тасымалданып келген лимон Оңтүстік жұрты үшін таңсық болудан қалды. Сарыағаш, Сайрам диқандары өсіріп келген цитрусті жеміс бүгінде таулы аудан саналатын Қазығұртта да жерсіне бастады.
Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылының тұрғыны Оспанәлі Тақсықбаев жылыжайға отырғызған 640 түп лимон ағашының әрқайсысынан 17-18 кило аралығында жеміс жинап алды.
Аса мықты дәрумендер қатарына жатқызылатын лимонның бағасы да көңілдегідей. Диқан жинап алған он бір тонна лимоннан түскен табыс оны қанаттандырып, жылыжай көлемін тағы да арттыруға бел байлатып отыр.
Сарыағаштағы тәжік орта мектебінің директоры еккен лимон туралы газетімізде бұрынырақта жазған едік. Әуелде қан қысымын төмендету мақсатында еккен отбасы лимонның үлкен пайда көзі екендігіне көз жеткен. Бүгінде олардың өнімін жыл сайын Ресей кәсіпкерлері көтерме бағамен алып кетеді.
Осылайша, лимон жемісі ащы болғанымен, табысы тәтті болып тұр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше