24 Маусым, 2016

Халықаралық аккредиттеу – заман талабы

669 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Халықаралық аккредиттеу – заман талабыҚазіргі реформалар еліміздің жоғары білім жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізуде. Осы саладағы өзекті мәселелердің бірі – сапаның сыртқы кепілі ретінде тәуелсіз аккредиттеудің, соның ішінде шетелдік аккредиттеудің рөлі ерекше. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдардың сертификаттауы жетекші қазақстандық университеттер мен нарықтың басқа қатысушылары арасында лезде басты саралау факторына айналды. Себебі, ата-аналар, демеушілер, студенттер де халықаралық сертификаттарға сенеді, мұның өзі Қазақстанда тек таңдаулы университеттер ұсынатын білім сапасының кепілі бола алады. Баланы қай университетке оқуға түсіру керек немесе Үкі­метке қай университетке қар­жы бөлу керек деген мәселе қарас­тырылғанда, халықаралық аккредиттеу «сапа белгісі» болып табылады. Олар Қазақстандағы мүдделі жақтардың инвестиция­лары (қаржылық, эмоционалды, зияткерлік) зая кетпейтініне сендіреді. Мұндай сенімнің негізі неде? Біріншіден, халықаралық аккредиттеу көп жылдар бойы эксклюзивті/элиталы болып қа­ла береді және түбегейлі іш­кі өзгерістерге ұшырап, енді халық­аралық деңгейде сапалы білім ұсынатын аздаған университеттерге ғана беріледі. Бірегейлікті бәріміз де бағалаймыз – егер бір нәрсе барлығына және әрқай­сысына беріле берсе, ол құн­сыз­данады. Аккредиттеуші агент­­тіктер дайын емес, не өздік есебі нашар көптеген универ­ситеттерді аккредиттеуден өт­кізбей қойғанын мақтан тұ­тады. Мұның өзі көп күш-жігер жұмсап, аккредиттеу алған ЖОО мәртебесін көтереді. Білім әлемінде аса текті үштік аккредиттеу бар (оны «үштік тәж» деп атайды). Оған әлемнің 80 уни­верситеті ие. Егер «үштік тәж» әрбір бизнес-мектепке берілсе, мұндай аккредиттеудің құны болмас еді, себебі іс-әрекет саласына байланыссыз бәріне бірдей берілетін «сапа белгісіне», аккредиттеуге немесе сертификаттауға ешкім сенбес еді. Халықаралық аккредиттеу эксклюзивтілік дұ­рыс таңдауды қамтамасыз етіп, әлсіз, сәйкес келмейтін үміт­керлерді алып тастайды. Екіншіден, халықаралық аккредиттеу халықаралық деңгейде сапалы білімді шынайы ұсынуды талап етеді, бұрын кеңестік бюро­краттардың әуестенген ста­тис­тикалық деректері мен маз­мұнсыз кестелерін қазір ешкім тексермейді. Жүйелердің мөрлері мен ұзаққа созылған қол қоюлары емес, ішкі логикасы мен жұмыс тиімділігі тексеріледі. Ұсынылған құжат­тарды тексерудің орнына шақы­рылған аккредиттеуші топтар университеттегі шынайы адамдармен сөйлеседі – жоғары жә­не орта буын басшылығымен, әкімшілікпен, оқытушылармен, студенттермен, түлектермен, жұ­мыс берушілермен және түр­лі мүдделі жақтармен кездесулер өткізеді. Осылай ғана шақы­рылған аккредиттеушілерде уни­верситеттің шынайы бейнесі қалыптасады және кез келген күдікті ақпарат не жағымсыз іс-тәжірибе бүкіл аккредиттеу үдерісін бұзып жіберуі мүмкін. Аккредиттеуі бар университет, бұл халықаралық деңгейде жұмыс істейтін университет, оның іс-әрекеті мен үдерістері жетекші әлемдік академиялық жүйелердің өкілі болып табылатын шетелдіктерге түсінікті. Үшіншіден, аккредиттеу шеңберіндегі бағдарламалар батыс­тық тұрғыдан талданады. Мамандық – бұл пәндер мен силлабустардың құр жиын­тығы емес, студенттер мен оқы­тушылардың әр минутын бақы­лайтын егжей-тегжейлі кестелер емес. Білімнің батыстық жүйе­сінде әр бағдарлама не ма­мандық біртұтас дүние, мұнда оқытудың күтілетін нәтижелері мен оларға жету әдістері, оқы­тудың күрделене түсуі, нақты пәнаралық байланыстар арасында өзара тәуелділік болады. Бағдарлама деңгейіне байланысты пән мазмұны тереңдей түседі, оқыту әдістері, бағалау жү­йесі студенттерге неғұрлым прак­тикалық (теориялық емес) білім мен тапсырма береді, оқы­ту­шыларға да талаптар арта түседі. Халықаралық деңгейде бі­лім алу оңай емес, мұнда жай дәріс­ханада отырғаның не теорияны мазмұндағаның үшін баға қоймайды. Оқу үдерісіне қатысты нәрсенің бәрі нақты құжаттанып, бақыланып отырады, ал сараптау комиссиялары мен топтары университет жұмысының әр бағытындағы талаптардың орындалуын қатаң бақылап отырады. Бұл жүйенің сипаты – студенттер өздігінен көп жұмыс істейді, шаршаған оқытушылардың айтуымен мәнсіз дәрісті жаймен жазып отыру жоқ. Студенттер өз дамуына толықтай өздері жауапты, осылай шынайы өмірге, болашақ мамандыққа деген жауап­кершілік қалыптасады. Халықаралық аккредиттеу алған бағдарламаларда оқу қиын, бірақ оқуға тұрарлық, себебі баласын оқуға жіберген ата-ана да, шә­кіртақы бөлген Үкімет те оқыту нәтижелерінің сапасына сенімді, ал олардың үміттерін жоғары білімді түлектер растап шығады. Төртіншіден, халықаралық аккредиттік агенттіктер үшін оқы­тушылар құрамының сапасы аса маңызды. Оқытушылардың тек ресми біліктілігін тексеріп қана қоймай, олардың кәсіби құзыреттілігін белсенді де то­лық­қанды ғылыми-зерттеу жұ­мысы, бизнестегі практикалық іс-тәжірибесі, үздіксіз кәсіби дамуы ретінде бақылайды. Пән­дер интербелсенді оқытылуы тиіс, оқытушының отырып ақ­парат беруі өткенге кеткен. Студент сабақта өз идеялары­мен, пікірлерімен белсене бөлі­седі. Ал пәндер мазмұнына келетін болсақ, олар шынайы өмірмен, бизнес саласымен ты­ғыз байланысты қазіргі ха­лық­аралық компоненттерді қамт­у­ы тиіс. Аккредиттеушілер білім «ардагерлерін» ғылымда бел­сенділігін сақтаса, консалтингке не бизнеске қатысса (бұл аса маңызды!), қазіргі қарқынды дамып жатқан, студенттерді ынталандыратын оқыту әдістемесінен хабардар болса ғана сыйлайды. Аккредиттеушілер, сонымен бірге, оқу үдерісіне бизнес практиктерін: менеджерлерді, ғалымдарды, кәсіпкерлерді, мемлекеттік қызметкерлерді тартуға мүдделі, себебі олар өз тәжірибесімен жастармен бөліседі және мұны бар пейілімен жа­сайды. Ал бұл практиктер оқу бағдарламаларын дайындауға, университетті басқаруға қатысса, одан да жақсы. Аккредиттелген университеттер әсерлі де сапалы білім бере отырып, өз әреке­тіндегі нақты кемшіліктерді түп­кілікті жояды. Бесіншіден, халықаралық ак­кредиттеу өте қымбат. Әрине, кейбіреулер шетелге ақша шыға­рылғаннан ұлттық экономика зардап шегеді деп ойлайды, бірақ бұл қате пікір. Шетелдік машина мініп жүргендерден, шетелдік ноутбукті, ұялы телефонды пай­даланып жүргендерден не шетелде оқитындардан сұ­раңдар. Жақсы, сапалы заттар­ды біз шетелден аламыз. Қазіргі жаһан­дық экономикалық жүйе тауарлар мен қызметтер үшін халық­аралық қаржы аударымдарына негізделген, ал халықаралық ак­кредиттеулер шетелдік қызмет болып есептелгендіктен, олар тапсырыс беруші университет үшін аса бағалы. Аккредиттеуден өтуге шешім қабылдаған университеттер бұл қаржыны өздері бө­леді. Міне, осылай олар өз­де­рінің бәсекеге қабілеттілігін арт­тырып, нарықтағы өз орнын, экономикалық тиімділігін, ұзақ мерзімді тұрақтылығын бекітеді. «Біз дамып жатырмыз, біздің бағытымыз анық, біз алдамыз, біз озықпыз», деп олар айқын жариялайды. Жоғарыда айтылған­дар­дың қорытындысы: халықаралық академиялық аккредиттеулер тек лайықты ұйымдарға беріледі. Бүкіл аккредиттеу үдерісі тапсырыс беруден бастап өздік есеп беруге, аккредиттеуші топ­тың келуіне, келгенінен кейін есебінің берілуіне, ақыры, ше­шіміне дейін – өте тура және әділ үдеріс (тіпті қатаң деуге бо­лады). Бұл көптеген тапсырыс бе­­руші университеттер үшін қи­ы­­н, бірақ қазақстандық білімде мүд­­делі жақтарға – ата-аналарға, демеушілерге, Үкіметке, яғни өзінің шектеулі қаржысын дұрыс пайдалануы (инвестициялау!) маңызды барлық тұлғаларға шынайы жоғары сапаға кепілдік береді. Халықаралық бизнес уни­верситеті (UIB) Қазақстанның жо­ғары білімі саласында халық­аралық аккредиттелуі жағынан озығы: қазірде Австрия сапа агенттігінің 11 аккредиттеуіне ие. UIB 2012 жылдан бастап алғаш 4 аккредиттеуді алды, ал 2015 жылы UIB-ге тағы 7 бағдарламаны бағалайтын аккредиттік топ келді. Алғашқы 4 бағдарлама қазір 5 жылдық қайта аккредиттелуге дайын­далуда. Аккредиттік топтар UIB оқу бағдарламаларын еуропалық тұрғыдан бағалады, бағдарламалар құрылымын, оқытудың күтілетін нәти­же­лерін, жеке пәндердің бейін қалыптастыруға әлеуетін, ба­ғалау жүйесін зерделеді. Аккредиттеушілер жоғары жә­не орта буын басшылығымен кез­десіп, университетті бас­қару жүйесін, процедуларды, құжаттаманы бағалап, олар­дың жоғары (еуропалық) деңгейге сәйкес келетініне көз жеткізді. Аккредиттеушілер оқы­тушылармен, студенттермен кездесуге қызығушылық танытты, себебі бұл білім берушілер мен алушылардың шынайы академиялық сапасын анықтауға мүмкіндік берді. Түлектермен, жұмыс берушілермен әңгімелесу бағалаушыларға UIB нарық талабына қаншалықты сай келетінін, UIB түлектерінің қажеттілігін, олардың мансап жолын және жұмыс берушілер (біз шығаратын «өнімді» «сатып алушылар» ретінде) Халықаралық бизнес университетін өз келешегінен қалай бағалайтынын көрсетті. Қазір UIB университетінің нарықтық стратегиясының бө­лігі ретінде аккредиттеуге тағы бірнеше бағдарламалар дайын­дауда, сонымен бірге 2016 жылдан әріде ұсынылатын білім сапасының үздіксіз сипатын растау мақсатында қайта аккредиттелуге дайындық жүргізіліп жатыр. Балаларына сапалы білім іздеген ата-аналар халықаралық аккредиттеуге ие Халықаралық бизнес университетін қарас­тыр­ғаны жөн, себебі бұл кәсіби академиялық білімнің сенімді орталығы, мұнда студенттерге қатал, бірақ әділ қарайды, оқытушылар құзыреттіліктің халықаралық деңгейін көрсетеді, бизнес пен жұмыс берушілер арасында тығыз байланыс ор­натылған. Жоғары білімді грант­тар мен шәкіртақылар арқылы қолдайтын демеушілер (мем­лекеттік не институционалды) білім сапасының ха­лық­ара­лық расталуын өз қаржы шы­ғындарының «Қазақ­стан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағы­тына сәйкес, қажетті адами қор­ларды сапалы құруға тиімді жұмсалуы деп тү­сінеді. Халықаралық бизнес уни­верситеті өзінің ұйымдас­ты­ру­­шылық жігерін және ака­де­миялық құзыреттілігін дәлел­деу үшін қосымша аккредиттеу­лер алу бойынша жұмысын жалғастырады. Университет түрлі салаларда (бизнес, эко­но­мика, халықаралық қаты­нас­тар, құқық және т.б.), түрлі қырларынан (америкалық, еу­ропалық, азиялық), түрлі дең­гейде (әр бағдарлама/маман­дық деңгейінде, факультет дең­гейінде, институционалды деңгейде) бағалану үшін түрлі аккредиттік агенттіктерді іздестіруде. Әрбір аккредиттеу UIB іс-әрекетін күшейтіп, ал халықаралық аккредиттік агенттіктермен орнатылған кері байланыс басты мақ­са­тымызға жетуге – 2020 жыл­ға қарай «үш­тік тәжбен» ак­кредиттелген әлемдегі 80 уни­верситеттің бірі болуға мол мүмкіндік береді. Марцин ДУШИНСКИ, UIB университетінің вице-президенті
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше