24 Маусым, 2016

Озық ойлы оқушылар

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
23-06-2016 ЖобаАлматыны су тасқыны мен селден қорғайтын құрылғы ойлап тапты «Алматыда оқушылар алып шаһарды су тасқыны мен селден қорғауға бағытталған жаңа жүйе ойлап тапты. Пайдасы мол, мүмкіндігі зор құрылғы Іле Алатауының беткейіне орнатылатын болады», деп жазады 24 kz арнасы. Соңғы уақытта жауын-шашын шамадан тыс көп болып тұр. Табиғаттың бұл мінезі оқушыларды да толғандыруда. Жуырда бір топ шәкірт «Қар суы, жауын-шашын мен пайдаланылған суды тазалаудың жергілікті жүйесі» деп аталатын жаңа жоба дайындап шығарды. Жоба бойынша, жылу өткізетін талшық енгізілген қос түтік тау беткейлеріндегі қасат қарға орналастырылып, күн энергиясы арқылы жылытылады. – Екі түтіктің арасындағы кеңіс­тікке қар түскен сәтте еріп, арнайы құбырлар арқылы жасанды су қоймасына құяды. Бұл сумен жазда бассейндерді толтыруға, егіндікті суғаруға болады. Жиналған су көміртек пирамидасы арқылы тазартылған, – деді Ділнұр Аюпова есімді оқушы. Оқушылардың жобасына сәйкес, автокөліктерді жуған суды үш түрлі сүзгінің көмегімен қалдық майдан тазартуға болады. Балалар өздері ойлап тапқан жобаның макетін ұсақ бөлшектерден құрастырған. Оны жасау үшін үш жыл уақыттары кетіпті. Жоба жетекшілерінің айтуынша, әр құрылғының бөлшектері мұқият зерттеліп, ғылыми негізде жасалған. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан» Нөсер жауынның салдарынан көпір астына жиналған судан көлік моторы істен шығып қалмас үшін шығармашылық топ арық жүйесін қайта жасауды ұсынып отыр. «Өзендердің табиғи арнасын сақтай отырып, үйлердің шатырынан бастап жерасты жолдарына дейін су өткізетін құбырлар қою керек», деді талапты жастар. АЛМАТЫ