04 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы №08-1-1-1/323

445 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
20 қыркүйек 2010 жылғы,  Астана қаласы «Республикалық бюджетте «Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «2010-2012 жылдарға арналған республи­ка­лық бюджет туралы» Қазақстан Республика­сы­ның 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәй­кес бұйырамын: 1. Республикалық бюджетте «Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажор­лы жағдайға ұшыраған Қазақстан Рес­пуб­ликасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету» бағдар­ламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығына (Қазақ­стан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4037 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толық­тырулар енгізілсін: атауы келесі редакцияда жазылсын: «Республикалық бюджетте «Шет елдерде Қа­зақстан Республикасы азаматтарының құқық­тары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша көзделген қара­жатты пайдалану Ережесін бекіту туралы»; 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджетте «Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету» бағдарламасы бой­ынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесі бекітілсін.»; аталған бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджетте «Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматта­ры­на қаржылай көмек көрсету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесінде: атауы келесі редакцияда жазылсын: «Республикалық бюджетте «Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқық­тары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша көзделген қара­жатты пайдалану Ережесі»; 1 және 2-тармақтарда «Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құр­бан­дары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қыл­мыстардан зардап шеккен және форс – мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету» деген сөздер «Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету» деген сөздермен ауыстырылсын; 2 бөлімнің атауында «қаржылай көмек көрсету» деген сөздер «Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз етуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: «өтінімдері» деген сөз «қорытындылары» деген сөзбен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасының азаматтарына қаржылай көмек көрсетуге» деген сөздер «Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматта­ры­ның құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз етуге» деген сөздермен ауыс­ты­рылсын; келесі мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері ұсынатын қорытындыға осы Ере­женің 5-тармағында көрсетілген құжаттар қоса тіркеледі.»; бұйрықтың қазақ тіліндегі нұсқасында 5-тармақтың бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері» деген сөздерден кейін «төмендегі құжаттар болған кезде қаржылай көмек көрсетеді» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтың 2) - тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «2) қайтыс болуды, шет мемлекетке заңсыз әкелуді, Қазақстан Республикасының азаматта­рына қарсы бағытталған өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді, еңсерілмейтін күштерді, яғни азамат тарапынан алдын алуға және бақылауға алуға келмейтін және осындай ахуал жағдай­ла­рында күтпеген сипат алған төтенше жағдай­лар туындаған фактілерді растайтын болмыш мем­лекеттің уәкілетті органдары берген құжаттар. Мұндай жағдайлар олармен шектеліп ғана қоймайтын келесі әрекеттерді қамтиды: әскери іс-әрекеттер, стихиялық құбылыстар (су тасқы­ны, жер сілкінісі, эпизоотиялар, күшті дауыл, теңіз дауылы, боран, құйын, қардың қалың жаууы, цунами);»; 7-тармақта «шет мемлекеттерге заңсыз әке­лін­ген және адам саудасының құрбандары бол­ған, сондай-ақ, шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшы­раған Қазақстан Республикасы азаматта­ры­на қаржылай көмек көрсетуге» деген сөздер «шет елдерде Қазақстан Республикасының аза­мат­тарының құқықтары мен мүдделерін қор­ғауға және қамтамасыз етуге» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Қ.САРЫБАЙ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі _______________Б. Жәмішев 2010 жылғы «20» қыркүйек ––––––––––––––––– Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2010 жылғы 17 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6639 болып енгізілді.