04 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №404

569 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
2010 жылғы 30 шілде,  Астана қаласы. “Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” “Білім туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1.“Кредиттік оқыту технологиясы бой­ынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқа­рушының 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5043 тіркелген және “Заң газетінің” 2008 жылғы 25 қантардағы № 12 (1238) санында жария­лан­ған)) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесінде: 6 - тармақта: 3) тармақшада “қорытынды аттестат­таудың” деген сөздер “аралық аттестаттау” деген сөздермен ауыстырылсын; 8) тармақшада “тиісті білім деңгейіндегі” деген сөздер алынып тасталсын; 9) тармақшада “аралық аттестаттауды өткізудің нысандары білім алушылардың білімін модульді-рейтингтік тексеру және емтихан болып табылады: жазбаша, тестілеу, ауызша, біріктірілген” деген сөздер алынып тасталсын; 11) тармақша мынадай редакцияда жа­зылсын: “11) білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау (ол ағымдық, рубеждік және қо­рытынды) – жоғары оқу орны өзі ай­қындайтын бақылаудың әртүрлі нысанымен және аттестаттаумен білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру;”; 23) тармақша мынадай редакцияда жа­зылсын: “23) білім алушылардың үлгеріміне ағым­дық бақылау – академиялық кезең ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін ауди­ториялық және аудиториялардан тыс са­бақтарда студенттердің білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;”; мынадай мазмұндағы 27) – 29) тармақшамен толықтырылсын: “27) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі; 28) Трансферт және кредиттерді жинақтаудың еуропалық жүйесі (ТКЕЖ) – студенттің оқу жүктемесін анықтауға негізделген, оқыту нәтижелерінің терминдерінде көрсетілген бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті жүйе; 29) екі дипломдық білім – екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major Mіnor) алу мақсатында екі оқу жоспары бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі;”; 35-тармақ мынандай редакцияда жа­зылсын: “35. Білім алушылардың аралық аттес­таттауын ұйымдастыру және өткізу офис Регистраторға жүктеледі. Аралық аттес­таттауды бағалау аталған оқу пәні бойынша білімді қорытынды бағалаудың 30 %-ынан кем емес құрайды.”; мынадай мазмұндағы 35-1 – 35-4 тармақтармен толықтырылсын: “35-1. Пән бойынша қорытынды бағалау рұқсат беру рейтингі бағасын және қоры­тынды бақылауды қамтиды. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болады және студенттің транскрипіне жазылады. Білім алушылар қорытынды бақылаудан (емтиханнан) “қанағаттанарлықсыз” деген баға алған жағдайда пән бойынша қоры­тынды баға есептелмейді. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 35-2. “Қанағаттанарлықсыз” бағасын оң бағаға қайта тапсыру үшін студент келесі академиялық кезеңдерінің бірінде немесе жазғы семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады. 35-3. Қорытынды бақылаудың бағасымен келіспейтін білім алушылар емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляцияға береді. ЖОО басшысының бұйрығымен емтихан сессиясы кезеңіне (аралық аттестаттау) апел­ляцияланатын пәндерге мамандығы сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады. 35-4. Өту балының төменгі денгейін жинаған және келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар білім алушылар сол пәнді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.”; мынадай мазмұндағы 39-1, 39-2 тар­мақтармен толықтырылсын: “39-1. Офис регистратор емтихан сессия­ларының қорытындысы бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып, студенттің оқу жетістіктері деңгейінің орта­салмақ бағасы болатын өту балын есептейді. Курстан курсқа көшіру үшін өту балының төменгі деңгейінің көлемін ЖОО-ның өзі белгілейді. 39-2. Ең төменгі өту балын ала алмаған білім алушылар оқу курсын қайта оқуға қалдырылады. Курс бағдарламасынан толығымен өтіп, бірақ белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне жете алмаған білім алушыларға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоға­рылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсыры­латын “Қазақстан тарихы” пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі. Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушылар бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.”; 41-тармақ мынандай редакцияда жазыл­сын: “41. Емтихандар мен сараланған сынақ­тарды А, А - “өте жақсы”, В-, В, В+ - “жақсы” деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орта балы 3,5- тен кем болмаса, сондақ-ақ мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) А, А- “өте жақсы” бағаға тапсыр­ған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.”; мынадай мазмұндағы 42-тармақпен толық­тырылсын: “42. Екі дипломды білім беру бағдар­ламасын жүзеге асыратын жоғары оқу ор­ындары шетелдік жоғары оқу орындарымен игерілген кредиттерді қайта сынақтан өт­кізуді жоо-серіктесте қазақстандық кредиттерге және ТКЕЖ барабар жүзеге асыруы қажет”; мынадай мазмұндағы 43-тармақпен толықтырылсын: “43. Студенттерді ауыстыру және қайта қалпына келтіру кезінде оқу курсы пререквезиттерді ескере отырып айқындалады.”. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г.Н.Доғалова) белгіленген тәртіппен:: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республи­касының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құрал­дарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Сарыбековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Ж.ТҮЙМЕБАЕВ. ––––––––––––––––– Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6406 болып енгізілді.