«мир24»
Допинг жанжалына байланысты дисквалификацияға ұшырағалы тұрған Қазақстан ауыр атлеттері Рио-де-Жанейрода биылғы жылғы тамыз айында өтетін жазғы Олимпиялық ойындарға баратын болып шешілді. «Мир24» телеарнасы хабарлағандай, Грузия астанасы – Тбилиси қаласында өткен Бүкіләлемдік ауыр атлетика федерациясы атқару комитетінің отырысында осындай шешім қабылданған. Атқару комитеті осында үш күн бойы жабық есік жағдайында жұмыс жасаған. Ондағылар бұл уақыттың бәрінде журналистермен кездесуден бас тартқан. Мұнда ең соңғы сәтке дейін Қазақстан, Ресей және Беларусь ауыр атлеттерінің Ойындарға жіберілетін-жіберілмейтін мәселесі жан-жақты талқыланып келіп, ақырында оны біздің атлеттердің пайдасына қарай шешті. «Олимпиадаға бұрын белгіленгендей 10 емес, 8 спортшы барады. Мұндай шара біздің жақын республикаларымыз Қазақстанға, Беларусь пен Әзербайжанға да қатысты», деді атқару комитетінің ресейлік мүшесі Сергей телеарна тілшісіне. Конгресс жұмысы ақырғы сәтке дейін өте қауырт та жүйке жұқартатындай дәрежеде өткен. Оған қатысушылар әртүрлі командалардың допинг-жанжалдары жайын бүге-шігесіне дейін талқылаған. Әңгіме Бейжің мен Лондон Олимпиялық ойындары кезінде алынған тестілер туралы болған. Бұрыннан белгілі болғандай, үш оң нәтиже тұтас команданы Ойындардан шығарып тастауға жеткілікті еді. Дамир Қожамқұл.Ұлытау облысында 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі
Экономика • Бүгін, 10:15
Елімізде 25 мың жұмыс орны ашылады
Экономика • Бүгін, 10:00
Азаматтардың мүддесі ескеріледі
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40
Қылмыстық топтың тәркіленген мүлікті шетелдіктерге сату әрекеті әшкереленді
Қылмыс • Бүгін, 09:34
Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл күшейе түсті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:33