ras.kz[/caption]
Алтай өлкесіндегі Барнаул қаласының тұрғыны Дмитрий Мамеев ақшасы жоқтықтан Владивосток қаласына жаяу бара жатыр. ras.kz хабарына қарағанда, ол Приморье өлкесіне жұмыс іздеп бара жатқан көрінеді. Сол үшін Иркутскіде пойызға отырып, Амур облысына дейін жеткен. Бірақ сол жерде ақшасы таусылыпты. Сонда да бетінен қайтпаған 24 жасар жігіт ары қарай Байкал арқылы Приморье өлкесіне дейін жаяу баруға шешім қабылдаған.
«Амурская правда» газетінің журналистері анықтағандай, жас жігіт бұдан бұрын Приморье өлкесінде әскери-теңіз флотында қызмет еткен екен. Енді ол сол жақтан коммерциялық кемеден немесе контракт бойынша теңізшілік қызметін тауып алмақшы.
«Үйде менің проблемам көп болды, жұмыс жоқ, сондықтан Владивостокқа бармақшы болып шештім. Ақшам Иркутскіге дейін ғана жетті, енді қалған жолды жаяу жүріп өтемін. Жолда өте сирек аялдаймын. Мұндағы табиғат қызық – маса талап қоятын емес! Тіпті күндіз, күн шығып тұрғанда да», – деп жазады Дмитрий.
Амур журналистері барнаулдық жігіттен жолай кездескен жергілікті тұрғындардың көмектес-көмектеспегендерін сұрапты. Дмитрий бұған «қайырымды адамдар бар, көп емес: Белгород ауданында бір қыз тамақ жинап берді, киіммен жабдықтады», деп жауап берген. Айтқандай, бұл бойжеткен Дмитрий Мамеевтің жаяу сапар шегіп келе жатқанын әлеуметтік желіден біліпті.
Ол туралы Бурятия тұрғындары былай деп жазған: «Біз қолдан келгенінше көмектестік. Мәселе мынада, жолда ешкім тоқтамайды, дальнебойщиктер алмайды. Сондықтан жолдағылардан оны ала кетуді немесе тойындырып жіберуді өтінеміз. Оның аты – Дима. Ол тым қарапайым. Бәріңізге де рахмет, трассада жүргендер – көмектесіңіздер!»
Саяхатшы алда әлі Еврей облысы, Хабаров және Приморье өлкелері территорияларымен 1000 шақырым жерді жүріп өтуі керек.
Талғат РАЙЫМБЕК.

Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 21:04
Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында
Ғылым • Бүгін, 20:47
Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?
Спорт • Бүгін, 20:34
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13