04 Ақпан, 2011

Нақты іс-қимыл бағдарламасы

469 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қала және аудандар әкімдері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттер, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер жетекшілері соғыс және еңбек ардагерлері қатысқан активте Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауы және одан туындайтын міндеттер туралы баяндама жасаған облыс әкімі Елеусін Сағындықов әңгімесінің әлқиссасында осындай ой өр­бітті. Жолдауда айқындалған бірінші кезекте атқарылатын және ұзақ мерзімді басым бағыттарды жүзеге асырудың жергілікті билікке үлкен міндеттер жүк­тей­тінін жеткізді. Өңір басшысы жиналғандардың назарын тәуел­сіз Қазақстанның қол жеткен табыстары және болашақтағы даму жолдары айқындалған бағдарламалық құжаттың негізгі түйіндеріне аударды. – Елбасының биылғы Жол­дауы бұрынғылардан өзгерек. Онда экономикалық даму мен әлеуметтік ілгерілеудің нақты жолдары айқын көрініс тапқан. Сондықтан да Жолдау бірден ха­лықтың кең қолдауына ие болып, жүректерге жылы жол тартты. Облыс халқы да ел тәуелсіз­ді­гі­нің 20 жылдығы қарсаңында жа­рияланған Жолдауды қызу қол­дауда. Еліміздің экономикалық өркендеуі біздің өңірдің дамуы­мен тығыз байланысты. Тек өт­кен жылы ғана үдемелі индус­триял­ық-инновациялық даму бағ­дарламасы аясында 24 жоба іске қосылды. Бұл еліміз бойын­ша жүзеге асырылған жобалар­дың 18 пайызы деген сөз. Біздің өңір шын мәнінде елімізді ин­дус­трияландыруда көшбасшы бо­лып табылады. Біз эконо­ми­ка­лық даму қарқынын бәсеңдет­пей­міз, 2014 жылға дейін об­лыста жүзге жуық ірі кәсіпорын пайдалануға беріледі, – деді Елеу­сін Наурызбайұлы. Өңір басшысы аудан әкім­деріне ақтөбелік аграршылардың мүмкіндігі мен бай тәжірибесін есепке ала отырып, еттік мал шаруашылығын дамытуды қадап тапсырды. Ол сондай-ақ Елбасы алға қойған экономикалық жа­ңар­тудың түпкі мақсаты – адам­дардың өмір деңгейін көтеру және жаңа жұмыс орындарын ашу екенін атап өтті Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында адамдардың бақуат­ты тұрмысын нығайту арқылы еліміздің тұрақты және үдемелі дамуын қамтамасыз етеміз деуі де сондықтан, деп түйді ойын өңір басшысы. Активте облыста тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығын дамыту, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, білім және денсаулық сақтау салаларын жаңғырту бағдарла­ма­ларын жүзеге асыру жәйі де әңгіме болды. Елеусін Нурыз­байұлы ел тәуелсіздігінің 20 жыл­дығын мерекелеуге де баса назар аударды. Ақтөбеліктер Елбасы алға қойған міндеттердің мүлтіксіз орындалатынына сенім білдірді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе.