Қарағандыда құралайды көзге атқан әскери мергендер арасында өткен халықаралық «Алтын Үкі-2016» жарысы мәреге жетті. Бұл сында тамаша өнер көрсеткен қазақстандық мергендер жалпыкомандалық есепте және жекелей сында алдарына жан салмай, абсолютті жеңімпаз атанды.
Осымен төртінші рет өтіп отырған сайысқа Қытай, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Пәкістан, Беларусь және Қазақстан елдерінен 21 команда келді. Қорытындыда топты Қазақстан Қарулы күштеріне қарасты 20030 әскери бөлімінің мергендері бастады. Келесі орын қазақстандықтарға – 22750 әскери бөлімінің қызметкерлеріне бұйырды. Одан кейінгі орындарға, тиісінше 35950, 32356 әскери бөлімдері мен мемлекеттік күзет қызметінің сарбаздары тұрақтады. 8-орынға Беларусь өкілдері ие болса, 9-10-орындарды Қытай әскерилері місе тұтты.
Бес кезеңнен тұратын жарыста мергендер 14 түрлі жаттығудан құралған сынақ бойынша өнер көрсетті. Жарысқа бақылаушы ретінде Түркия мен Үндістанның әскери өкілдері де қатысты.
Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында АҚШ әскерлері арнайы операция күштерінің жабық түрде өткен жарысында қазақстандық мергендер Германия мен АҚШ атқыштарын алға жіберіп, үшінші орынға қол жеткізген болатын.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше