«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы Жұмыс күшін жоспарлау бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы соған орай өткізілген баспасөз мәслихатында «АрселорМиттал ТМД» компаниясының жаңадан тағайындалған директоры Парамжит Калон мәлімдеді. Оның айтуынша, кәсіпорынның қазіргі құрылымы дұрыс ұйымдастырылмаған. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының құрамында металлургиялық комбинат, Қарағанды облысындағы 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы темір кенін өндіретін 4 кеніші бар. Кәсіпорындағы жұмыстарды шартты түрде үшке бөлуге болады. Оның біріншісі – өнім өндірісі, екіншісі – құрал-жабдықтарды жөндеу мен қамтамасыз ету, ал үшіншісі – сервистік, яғни қаржылық, маркетингтік және басқа да қызметтер. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, алғашқы бөлік бойынша барлық еңбеккерлердің 60 пайызы, екіншісінде 30 пайызы және соңғысында 10 пайызы жұмыс істеуі тиіс. Ал Теміртау металлургия комбинатында жұмыскерлердің шамамен өндірісте 45 пайызы, жөндеу мен қамтамасыз етуде 40 пайызы да, қалғандары сервистік қызметте. – Қазір екінші бөліктегі еңбеккерлердің біразын, бірінші бөлікке, үшіншідегілердің біршамасын екінші бөлікке ауыстыру жоспарланып отыр, – дейді Парамжит Калон мырза. – Ол үшін адамдардың тиісінше тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беру керек. Көпшілік еңбек түрін өзгертуге дайын емес. Оларға жаңа жұмыс орындары қарастырылады немесе орнына жаңадан жас мамандар алынуы мүмкін. Компанияда былтырғы жылы болған қиыншылықтарға тоқталған бас директордың айтуынша, қазіргі уақытта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың көмір және болат департаменттерінің жұмыстарына шолу жасалуда. Дайын өнім шығару шығындарын азайту, сапасын, бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет. Бас директордың пікірінше, иеліктегі кен базасы, көмір сияқты басымдықтарды орынды пайдалану керек. Электр қуатын өндіру көлемін арттыру қажет. Теміртау жылу-электр орталығының жұмысын жақсарту да кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Компания инвестициялық даму бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, қазір №4 домна пешіне жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Келешекте агроөндіріс, басқа да салалар жетілдіріледі. Жалпы, компания осы комбинатты алғаннан бері оны жетілдіруге 5 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсаған. Бір ай бұрын ғана тағайындалған бас директор Украинадағы Кривой Рог металлургия комбинатының директоры қызметін қоса атқарады. Бір жылғы уақытының 80 пайызында Қазақстанда болуды жоспарлап отыр. Ал Теміртау комбинатының мүмкіндіктері туралы жаңа директор ештеңе айта алмады. Өйткені, өндіріс туралы жан-жақты біліп, үлкен жоспарлар жайлы сенімді сөйлеу үшін бір ай уақыт тым аз. Дегенмен, жаңа басшы журналистермен жиі кездесіп, жағдайдан тұрақты хабардар етіп отыруға уәде берді. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы, Теміртау қаласы
Экономика • 29 Маусым, 2016
Жаңа басшыға кәсіпорын құрылымы неге ұнамайды?
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15